Жануарлар әлемі: Ғалымдар құстардың ұшып жүріп те ұйықтай алатынын дәлелдеді
Жануарлар әлемі: Ғалымдар құстардың ұшып жүріп те ұйықтай алатынын дәлелдеді
8 жыл бұрын 5503 Baq.kz Фото: vilingstore.net

Қазақта «құс ұйқылы» деген сөз бар. Ол өте сергек, сәл ғана көз шырымын алса да ұйқысы қанып қалатын адамдарды айтады. Құс ұйқысының сонша сергек болатын ғалымдар да дәлелдеген. Тіпті, олар құстардың ұшып бара жатып та ұйықтай алатынын айтқан еді. Дегенмен бұған илана қойғандар саны саусақпен санарлық қана. Және бұл ақпарат түбегейлі зерттелмеген болатын.

Ғалымдардың осы болжамын зерттеп көрмек болған германиялық орнитологтар құстардың ми белсенділігін анықтайтын құрылғы ойлап тауып, оны құстарға бекітеді. Сол арқылы құстардың ұшу кезінде «көз шырымын» ала алатындығын анықтамақ болған. Орнитологтардың зерттеу нәтижесі бұрынғы ғалымдардың болжамын растады. Құстар ұшып бара жатып та ұйықтай алады. Алайда, олардың табиғи ерекшеліктеріне байланысты ұшу кезіндегі ұйқыда миларының жартысы ғана ұйқыға кететіндігі анықталған. Сонымен бірге, олардың ұшу кезіндегі ұйқысының орташа ұзақтығы небары 12-ақ секундқа созылады.

Фрегаттардың ұшу кезіндегі ұйқысын бақылау барысында біз қызықтымәліметке тап болдық. Құстар ұшып жүріп-ақ миының жартысын 12 секундқа ұйықтата алады. Олар бұл әрекетін қанаттарын қақпай, жай ғана самғап жүріп жүзеге асырады, — дейді зерттеушілер.

Ал ұзақ уақытқа ұшатын болса, мысалы құс қайтатын уақытта немесе жыл құстары келердегі ұзақ ұшылардағы жиынтық уақыты 40 минуттан асуы мүмкін деп болжайды. Құстар қанша сергек, ұйқыға төзімді дегенмен де, олар да ұзақ уақыт ұйықтайтын кездері болады. Ондайда олар 12 сағат бойы қыбыр етпей ұйықтай алады.

0 пікір
Мұрағат