|
ҮНДІСТАНДА АУРУХАНАЛАР КҮН ЭНЕРГИЯСЫНА АУЫСЫП ЖАТЫР
|
Аптап ыстықта желдеткіштерді жаппай пайдаланатын Үндістанда электр желілері жиі істен шығып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ауруханаларда жағдай тіпті қиындап кеткен. Дәрігерлер операцияны қолда бар шамдардың көмегімен жасауға мәжбүр. Мәселені шешу үшін мемлекеттік ауруханаларда күн батареяларын орната бастады. Осылайша, баламалы қуат көзін пайдаланған мекемелер коммуналдық төлемге жұмсалатын қаржыны да үнемдей бастаған.
Марта Джонс, Райчур қаласындағы аурухананың аға медбикесі - Күн батаряларын орнатпас бұрын қараңғыда жиі жұмыс істейтін едік. Райчур қаласында электр қуатымен іркіліс болып тұрады. Кейде күніне 4-5 сағат жарық болмайтын. Мәселен, босанған кезде әйелге екпе салу үшін қол шамын қолдануға мәжбүр болдық.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еуропа елі діни виза алғысы келетін имамдар мен пасторларға, раввиндерге 7 шартты қамтитын ереже қабылдады
■
Үш жылдан соң жаһандық ислам қаржы индустриясының активтері 10 трлн доллардан асады
■
Қасиетті қалада индонезиялықтардың өз ауылы болады
■
Химиктер айна өмірді табудың алғашқы әдісін ұсынды
■
Әлемде алғашқы электр қуатынсыз және адам көмегінсіз жұмыс істейтін ДНҚ-компьютер пайда болды