Ирек жарақаттың тік жарақатқа қарағанда тез жазылатыны анықталды
Ирек жарақаттың тік жарақатқа қарағанда тез жазылатыны анықталды
11 ай бұрын 740 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар ирек жарақаттың тігінен түскен жарақатқа қарағанда бес есе тез жазылатынын алға тарып отыр. Бұл  жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған sciencealert.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отріп мәлім етеді. Өйткені, бұл процесс жасушалардың қозғалу жолындағы айырмашылықтарға байланысты. Ғалымдар бұл тараптағы тәжірибеде ит бүйрегінің эпителий жасушаларын пайдаланды, олардың құрылымы адам тері жасушаларына ұқсас келеді. Олар біздің денемізді жабатын құрылымдық ұлпаны құрайды. Содан соң биологтар түрлі пішіндер мен ені бар тіліктерді жасап, мұның емдеу процесіне қалай әсер ететінін қарастырды. Қиық кесілген жерде жасушалардың бір-бірімен оңайырақ байланысатыны белгілі болды. Сүуй Хунмей есімді биомеханик инженердің сөзіне қарағанда, толқын тәрізді жаралардан туындаған біркелкі емес және айналмалы қозғалыс түзу, яғни, тігінен түскен жаралармен салыстырғанда жасуша қозғалысына қолайлы. Дәрігерлер мен хирургтар бұл жаңалықты болашақта пациенттердің зақымдалған жеріне операция жасауда пайдаланатын болады.

0 пікір
Мұрағат