Перовскит күн батареяарының қызмет ету мерзімін ұзартудың тәсілі табылды
Перовскит күн батареяарының қызмет ету мерзімін ұзартудың тәсілі табылды
11 ай бұрын 1006 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай инженерлері перовскиттен жасалған күн панелінің негізгі кем-кетігін түзей алды. Бұл жайында islam.kz порталы sciencedirect.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай ғалымдары перовскиттік күн батареяларын өңдеу әдісін әзірледі, бұл тәсіл олардың беріктігін арттырады. Арнайы жабын жұмыс кезінде панелдердің бұзылуына жол бермейді және ұзақ уақыт бойы тиімділікті сақтауға мүмкіндік береді. Аталмыш технология перовскиттерді жасыл энергияда (қоршаған ортаға зиянсыз) кеңінен қолдануға кедергі келтіретін негізгі мәселені еңсеруге мүмкіндік беріп отыр. Перовскит элементтері осы заманғы күн батареяларының көпшілігінде қолданылатын кремнилік панелдеріне қарағанда арзанырақ, жеңіл және икемді. Алайда, күн электр стансаларының осы салыстырмалы түрде арзан материалға көшуіне кедергі келтіретін елеулі кемшілік бар. Жұмыс кезінде жылу мен жарықтың әсері материалдағы органикалық компоненттерді белсендіреді және перовскитті әлсіретіп, күн батареясындағы басқа материалдарды зақымдауы мүмкін. Нәтижесінде панелдің тиімділігі уақыт өте келе төмендейді. Зерттеушілер түрлі компоненттерді, соның ішінде көлемді молекулаларды, 2D қоспаларды, көміртекті жіптерді немесе кванттық нүктелерді қосу арқылы перовскит панелдерін нығайтуда елеулі қадам жасады. Мұндай жетістікке канадалық компания әзірлеген BondLynx желімімен қол жеткізілді. Ол органикалық компоненттермен химиялық коваленттік байланыстарды құрайтын, оларды қопсып кетуден сақтайтын, тиімділігін төмендетуге жол бермейтін кросс-байланыстырушы агент ретінде әрекет етеді. Зерттеушілер перовскит күн батареяларын желіммен өңдеп, содан кейін оларды ұзақ уақыт жылу мен жарықтың әсеріне ұшыратып көрді. Күн батареялары 24% тиімділікпен басталды және жасанды жарықтың 1000 сағат үздіксіз әсерінен кейін 99% дерлік тиімділікті сақтап қалды. Сонымен қатар, бірдей жағдайларда өңделмеген күн батареялары бастапқы тиімділігінің 35%-ын жоғалтты. Бұл тараптағы тағы бір тәжірибе барысында өңделген күн панелдері ұзақ уақыт жылу әсеріне ұшырады. Цельсия бойынша 60 ° C температурада 600 сағат үздіксіз жұмыс кезінде өңделген панелдер тиімділігінің 98% дерлік сақталды. Дәл осындай жағдайларда өңделмеген панелдер тиімділіктің 27%-ын жоғалтты.

Ұқсас материалдар:

«Микротолқынды толқындар күн панелінің өндірісін жақсартады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikrotolqyndy-tolqyndar-kun-panelinin-ondirisin-jaqsartady-18494/#gsc.tab=0);

«Жұқа пленка кез келген заттың бетін күн панеліне айналдырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/juqa-plenka-kez-kelgen-zattyn-betin-kun-paneline-ainaldyrady-video-17831/#gsc.tab=0);

«Күн батареясы қалдықтарының дағдарысы: ғалымдар бұл тығырықтан шығудың жолын іздейді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/kun-batareyasy-qaldyqtarynyn-dagdarysy-galymdar-bul-tygyryqtan-shygudyn-jolyn-izdeidi-17542/#gsc.tab=0);

«Қалқымалы күн батареясы судың булану деңгейін 60 пайызға азайтты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qalqymaly-kun-batareyasy-sudyn-bulanu-dengeiin-60-paiyzga-azaitty-18145/#gsc.tab=0);

«Шаштан 1000 есе жұқа, радиацияға төзімді күн панелдері жасалды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/shashtan-1000-ese-juqa-radiatsiyaga-tozimdi-kun-panelderi-jasaldy-17655/#gsc.tab=0);

«Күн және жел электр станcaлары біріктірілді. Құрылғы кез келген ауа-райында жұмыс істейді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kun-jane-jel-elektr-stancalary-biriktirildi-qurylgy-kez-kelgen-aua-raiynda-jumys-isteidi-video-17617/#gsc.tab=0);

«Араб ғалымдарының күн элементі тиімділігі жағынан рекорд орнатты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/arab-galymdarynyn-kun-elementi-tiimdiligi-jagynan-rekord-ornatty-18475/#gsc.tab=0);

«Арабтар ойлап тапқан күн батареясының артықшылығы неде» (https://islam.kz/kk/news/gylym/arabtar-oilap-tapqan-kun-batareyasynyn-artyqshylygy-nede-14878/#gsc.tab=0);

«Cаудиялық ғалымдардың өнертабысы: Wi-Fi күн сәулесімен алмастырылады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/caudiyalyq-galymdardyn-onertabysy-wi-fi-kun-saulesimen-almastyrylady-17609/#gsc.tab=0);

«Арабтар шөлде өсімдік өсірудің тың тәсілін тапты" (https://islam.kz/kk/news/gylym/arabtar-sholde-osimdik-osirudin-tyn-tasilin-tapty-16478/#gsc.tab=0);

«Күн батареясымен жабдықталған жүк көліктерінің тоңазытқышы азық-түлікті бүлінуден сақтайды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kun-batareyasymen-jabdyqtalgan-juk-kolikterinin-tonazytqyshy-azyq-tulikti-bulinuden-saqtaidy-15647/#gsc.tab=0);

«Терезе орнына қойылатын күн панелі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tereze-ornyna-qoiylatyn-kun-paneli-paida-boldy-17607/#gsc.tab=0);

«Бұлтты күні де күн энергиясын жинайтын батарея жасалды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/bultty-kuni-de-kun-energiyasyn-jinaityn-batareya-jasaldy-17049/#gsc.tab=0);

«Күннен энергия алудың тағы бір тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kunnen-energiya-aludyn-tagy-bir-tasili-tabyldy-15648/#gsc.tab=0);

 «Күн батареясы қалдықтарының дағдарысы: ғалымдар бұл тығырықтан шығудың жолын іздейді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/kun-batareyasy-qaldyqtarynyn-dagdarysy-galymdar-bul-tygyryqtan-shygudyn-jolyn-izdeidi-17542/#gsc.tab=0);

«Ғарыш аппараттарына арналған күннен қуат алатын батареяны өздері құрастырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/garysh-apparattaryna-arnalgan-kunnen-quat-alatyn-batareyany-ozderi-qurastyrady-10592/#gsc.tab=0);

«Жиналмалы күн панелі бар электромобилді көлік» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/jinalmaly-kun-paneli-bar-elektromobildi-kolik-video-13437/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат