«Текті сөздің төресі – терме» атты термешілер байқауы өтеді
«Текті сөздің төресі – терме» атты термешілер байқауы өтеді
10 жыл бұрын 13694

Биыл «Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық термешілер байқауы ұйымдастырылмақ. «Текті сөздің төресі – терме» республикалық байқауы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің жыл сайын тұрақты түрде өткізетін іс-шарасы болып табылады.

Бұл байқаудың ерекшелігі сол әр облыстың мәдениет және тілдерді дамыту басқармалары екі термешіден ұсынады. Еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларының атынан екі термешіден байқауға қатысатын болады. Әр облыстан жиналған 32 термеші байқаудың шарттары бойынша ұсынылған 7 тақырыптың біріне мәтін жаздырып, мақамына келтіріп, жаңа бір терме дайындап келуілері тиіс. 

6-қарашада Астана қаласындағы Қазақ Гуманитарлық-Заң Университетінің жиналыс залында облыстардан жиналған термешілер термелерін орындап, іріктеу сайысына қатысады. Әділ қазылар алқасы 32 термешіден 10 термешіні іріктеп алады. Сол 10 термешінің арасында тиісті жүлделер бөлініп, байқаудың қорытынды кеші мен марапаттау рәсімі 7-қараша күні "Конгресс-холл" сарайында өтеді. Сағат 15:00-де басталады. Қосымша мәліметті kazterme.kz сайтынан ала аласыздар.

 

0 пікір
Мұрағат