Тайланд елінде таңдай қақтыратын ислам кешені тұрғызылып жатыр
Тайланд елінде таңдай қақтыратын ислам кешені тұрғызылып жатыр
2 жыл бұрын 3285 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Тайландтың әлемнің әр түкпірінен, соның ішінде мұсылман туристер ағылып баратын негізгі курортты аймағында бас мешіт құрылысын қамтитын ислами орталық салынып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Phuket News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш кешен құрылысының 70%-ы тұрғызылған. Ислам әлемінен жылдан жылға қарасы көбейіп келе жатқан мұсылман туристерін тарту мақсатында қолға алынған ауқымды жобаны Тайландтың табиғи ресурстар министрлігі ұсынған жер телімінде жүзеге асырылып жатыр. Кешен аумағында болашақ Пхукет орталық мешіті, ислам әдебін оқыту орталығы және Пхукет Ислам істері кеңесінің әкімшілік орталығы бар 8 ғимарат салынуда. Жергілікті Ислам кеңесінің жетекшісі Комол Думлақтың айтуынша, кешенде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан барлық дін өкілдерінің балалары тегін білім алатын мектеп те бар. Кешен құрылысына билік тарапынан қаражат бөлінген емес,  қайырымдылықтан түскен қаржы жұмсалуда.

0 пікір
Мұрағат