Cібір жарасын антибиотиксіз емдеп жазудың жолы табылды. Антибиотикке қарағанда жарақатты екі есе тез жазатын химикат табылды
Cібір жарасын антибиотиксіз емдеп жазудың жолы табылды. Антибиотикке қарағанда жарақатты екі есе тез жазатын химикат табылды
2 жыл бұрын 1864 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар антибиотикке төзімділігі артып келе жатқан аса қауіпті Сібір жарасының штамдарымен тиімді күресу үшін жасанды фермент жасады. Бұл жайында islam.kz порталы pubs.acs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Антибиотиктерге төзімділіктің таралуы жаңа қауіптер тудырады. Зерттеушілер бұл тарапта америкалық химия қоғамының мерзімді басылымында сібір жарасының қорғаныс тетіктерін еңсеруге әрі иммундық жүйенің аталған қатерлі инфекциямен күресуіне мүмкіндік беретін тың әдісті ұсынады. Bacillus anthracis – жұтқанда, дем (тыныс) арқылы немесе тері жарақаттанғанда (кесілгенде) сібір жарасы спораларының (Спора - қалың, көбінесе қосарланған қабықша қаптаған, арнайы бағытқа бағытталған жасуша) әсерінен күйдіргі инфекциясын тудыруы мүмкін бактериялардың бір түрі. Инфекциядан жұқтырған адамның тыныс алуы қиындап, терісін жара басады, өлім қатері өте жоғары жұқпалы дерт. Ғалымдар бұл инфекцияны емдеу үшін антибиотиктер ойлап табуын тапқанымен уақыт өте келе бактерия дәріге бой бермей кетеді, дәлірегі, төзімділігі қалыптасады. Ғалымдар бұл тараптағы зерттеу барысында Амес штаммын зерделеген болатын. Аталған штамм - Bacillus anthracis-тің ерекше вирулентті нұсқасы. Оның құпиясы поли-D-глутамин қышқылының қабығында жатыр, ол көрінбейтін киім сияқты әрекет етеді және бактерияларға адамның иммундық жүйесінен аулақ болуына көмектеседі. Қорғаныс қабығы CapD ферментінің көмегімен бактерияларға бекиді. Зерттеушілер бұл ферментті қосымша енгізуден көбеймейтінін, керісінше қорғанысты әлсірететінін анықтады. Ғалымдар ферментті қалпына келтірді және оның ағзада ұзағырақ сақталуы үшін оны полиэтиленгликольмен (ПЕГ) күшейтті. Бұл протеинді тышқандарға енгізу Ames штаммын жұқтырған кезде тірі қалу мүмкіндігін арттырған. Фермент молекулалары қорғаныс қабығындағы саңылауларды бұзып, иммундық жүйенің бактерияларға шабуылдауына жол ашты. Терапияның тиімділігін одан ары арттыру үшін зерттеушілер PEG-байытылған ферментті сібір жарасына тышқан антиденелерімен біріктіру арқылы өзгертіп көрді. Кеміргіштің моделінде жүргізілген сынақ нәтижесі көрсеткендей, бұл құрылым синтезделген антиденесі жоқ алдыңғы нұсқаға қарағанда ұзағырақ болғанымен белсенділігі төмен болды. Зерттеушілер басқа антибиотиктерге төзімді бактериялармен күресу үшін ұқсас емдеу стратегияларын жасауға болады, деп санайды.

Ферменттер қорғаныш қабығын бұзып, нейтрофилдер бактериялардың өтуіне жол ашады. Кескін: Khushie Matharoo et al., ACS Publications

Антибиотикке қарағанда жарақатты екі есе тез жазатын химикат табылды

Ғалымдар жарақаттың жазылу уақытын екі есе тездететін химиялық затты тапты. Бұл жайында islam.kz порталы The Times of Israel ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Теориялық тұрғыдан алғанда бұл химиялық зат антибиотикті алмастыра алады. Ғалымдар зертханада компоненттің бактерияларға қалай әсер ететінін бағалап көрген екен -  олардың функционалдығын бұзатынын байқады. Жануарлардағы жаралар антибиотиктермен және дииндолилметан негізіндегі жақпамен өңделген. Нәтижесінде құрамында аталған химиялық зат кездесетін жақпа майдан жаралар екі есе тез жазылады. Қазіргі уақытта ғалымдар зерттеулерін жалғастыруда және бұл затты толыққанды жақпаға айналдырғысы келеді, оны антибиотиктің орнына қолдануды көздеп отыр.

0 пікір
Мұрағат