Күннен 7 есе ыстық температура қалыптастыра алатын термоядролық реактор жасалды (видео)
Күннен 7 есе ыстық температура қалыптастыра алатын термоядролық реактор жасалды (видео)
2 жыл бұрын 1601 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сеул ұлттық универистеті мен Корей институтының ғалымдары Жердегі күннің баламасы бола алатын бірегей термоядролық реактор құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізінде аталған реактор 2007 жылы құрастырылған, алайда, рекордтық температура көрсеткішіне енді қол жеткізілді. Дәлірегі, инженерлер реакторды Цельсия бойынша 100 млн градусқа (Күннің ыстығы Цельсия бойынша 15 млн градус) дейін қыздырды. Қыздырылған плазманы (осынша температура деңгейін) 30 секундқа дейін ұстап тұра алған. Келесі кезекте мұндай температураны 300 секундқа дейін жеткізуді межелеп отыр. Термоядролық реактордың жұмыс істеу принципі Күннен көшірілген. Аппарат шексіз энергияны алу үшін ядролық синтезді пайдаланады. Реактор KSTAR-да орналасқан. Оны дағдарыс кезінде энергия өндіру үшін пайдаланбақ. Мұндай «жасанды күннің» бірі тұтас қалалар мен шағын елдерді энергиямен қамтамасыз ете алады. Бұл «құбыжықтың» құны белгісіз. Осы орайда Қытай аумағында құны 65 миллиард еуродан асатын осындай аппараттың барын айта кетпекпіз. Мұндай ресурстарды өндірудің артықшылығы - қуат пен уақыт тұрғысынан шексіздігі. Сондай-ақ, термоядролық реакторлар қоршаған ортаға зиянсыз, парниктік газдарды аз бөледі және радиоактивті қалдықтардың жоғары деңгейі болмайды.

0 пікір
Мұрағат