Пәкістанның жаңа танкісі пайда болды (видео)
Пәкістанның жаңа танкісі пайда болды (видео)
2 ай бұрын 459 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пәкістан әскерилері және мамандары пәкістандық Heavy Industries Taxila компаниясы мен қытайлық NORINCO компаниясы бірігіп құрастырған отандық Haider жаңа танкінің алғашқы үлгісін жұртшылық ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Army Recognition ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа танк Қытайдың Type 99G танкісінің экспорттық нұсқасы -  VT-4 негізінде құрастырылған. Үш адамға шақталған әскери көлік әрі қару құралы 125 мм тегіс ұңғылы зеңбірекке ие, ол бронды тесе алады, кумулятивтік және фрагментациялық снарядтарды, сондай-ақ, танкке қарсы зымыранды қолдана алады. Сонымен қатар, Haider арсеналында екі пулемет бар. Танктің қауіпсіздігі композиттік бронмен және динамикалық қорғаныспен қамтамасыз етілген. 1200 ат күші бар дизелді қозғалтқышының арқасында сағатына 70 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Сондай-ақ, көлік тепловизоры, лазерлік қашықтықты өлшеу құралына және баллистикалық компьютері бар өртті басқару жүйесіне ие.

 

0 пікір
Мұрағат