Санаулы жылдан соң ойлау қабілеті адамнан кем түспейтін супер жасанды зерде пайда болады
Санаулы жылдан соң ойлау қабілеті адамнан кем түспейтін супер жасанды зерде пайда болады
2 ай бұрын 666 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Панамадағы Панама-Ситиде өткен Beneficial AGI Summit 2024 алқалы жиынында мінбеден сөз алған Бен Герцел есімді компьютер ғалымы, SingularityNET (жасанды зерде алгоритмдерінің орталықтандырылмаған нарығы, цифрлы ақша түрі немесе майнинг және басқа технологиялар арасындағы транзакцияларды пайдалана отырып, заманауи активті құруға мүмкіндік беретін, блокчейнге негізделген платформа) бас директоры бері алғанда үш ылда немесе ары кеткенде сегіз жылда ақылы адамнан кем түспейтін жасанды сана агенті пайда болатынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бен Герцел 2000 жылдардың басында «жасанды жалпы сана» (AGI, artificial general intelligence) терминін танымал еткеннен кейін «AGI әкесі» ретінде белгілі сарапшы, тұлға. Оның айтуынша, бүгінгі таңдағы ең озық жасанды зерде жүйелерінің аясы тар, шектеулі. Дәлірегі, олар белгілі бір салаларда адамдарға қарағанда қабілетті келгенімен жалпылама келгенде адамдардан асып түсе алмайды. Машиналық оқыту алгоритмдері және маңызды тіл үлгілері (мәселен, ChatGPT) сияқты жүйелердің өздері адамдар сияқты ойлай алмайды немесе контекстті түсін бермейді. Дегенмен, сарапшы жасанды зерде технологиясы экспоненциалды өсу (өсу қарқыны қандай да бір шаманың өз мәніне пропорционал болған кездегі шаманың өсуі) кезеңіне аяқ басқан. Егер мұндай агент өзінің кодына қол жеткізуге және қайта жазуға қабілетті болса, ол өте жылдам жасанды супер зердеге (ASI) айналмақ. Мұндай жағдайда аталмыш технология бүкіл адамзат өркениетінің когнитивтік және есептеу қабілетіне ие AI ретінде алға шығады. 

0 пікір
Мұрағат