Дубайда резидент визасын рәсімдеу мерзімі қысқарды
Дубайда резидент визасын рәсімдеу мерзімі қысқарды
2 ай бұрын 404 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дубайда жаңа Work Bundle (Жұмыс пакеті) платформасының іске қосылуына байланысты құжаттарды өңдеу уақыты – жұмысқа тұруға рұқсат алудан бастап резиденттік визаға дейін – 30 күннен 5 күнге дейін қысқартылды. Бұл жайында islam.kz порталы The National ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бюрократиялық кедергіні еңсеруге арналған цифрлы жоба аясында қолға алынған аталмыш шара қажетті құжаттардың санын 16-дан беске дейін, ал қызмет көрсету орталықтарына келетін қоңыраулар санын жетіден екіге дейін азайтуға мүмкіндік береді. Work Bundle платформасы адам ресурстары және әмірлік министрлігі (Mohre), адамның жеке басын анықтау, азаматтық, кеден және айлық қауіпсіздігі жөніндегі федералдық орган (ICP), Дубай денсаулық сақтау басқармасы (DHA), сондай-ақ, экономика және туризм департаменті,  шетелдіктер мен шетелдіктердің тұрғылықты жері істеріне жауапты бас басқармасы (GDRFA) сияқты мемлекеттік, іргелі департаменттермен жұмыс істейді. Work Bundle платформасы «резидент мәртебесін алу және шетелдіктерді жұмысқа тіркеу рәсімдерін едәуір жеңілдетеді. Жыл сайын 25 миллион процедура қысқартылып, құжаттарды қарау, тексеру, өңдеу, рәсімдеу процедураларына кететін 62 миллион жұмыс күні үнемделеді. Бұл бастаманың алғашқы кезеңі Дубайда Invest in Dubai («Дубайға инвестиция құй») платформасы арқылы жүзеге асырылады. Осы орайда ақпан айында Біріккен Аараб Әмірлігінің билігі министрліктер мен федералды органдарға кем дегенде 2000 процедураны және құжаттарды өңдеу уақытын бір жыл ішінде екі есе қысқартуға пәрмен бергенін айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат