Кемелдікке жетелеген кеш өтті
Кемелдікке жетелеген кеш өтті
2 жыл бұрын 2808

Жақында ғана таныстырылымы болған “Кемел адам” кітабының негізінде рухани кеш өтті. Алматының Республика сарайында өткен әдемі кеште өнер қайраткерлері өнер көрсетті. М.Әуезов атындағы драма театр әртістері "Кемел адам" кітабының мазмұнын қойылым ретінде сомдап шықты. Сонымен қатар Алланың 99 көркем есімінің ерекше мақаммен орындалуы ешкімді бей-жай қалдырмады.

“Кемел адам” кітабының авторы Қайрат Жолдыбайұлы өз кезегінде кітаптан үзінділер айтып, көрермендерге рухани серпіліс сыйлады. Ал басты рөлді сомдаған Бекжан Тұрыс "Кемел адам" бейнесін толықтай ашып, көрермендерді таңқалдырды. 

Кештің ерекше тұсы "Кемел адам" күйінің орындалуында болды. Жанды тебіренте әуелеген күй, кей адамдардың көзіне жас үйірді. "ХасСақ" тобы шеберлігімен тәнті етті.

Көпшіліктің көзайымына айналған кітап пен кештің жалғасын басқа қала тұрғындары да сұрап жатыр.

1 пікір
  • Ассалаумағалайкум. Осы кешті әлеуметтік желіге шығарылды ма ?
    2 жыл бұрын
Мұрағат