Ірі мешіттер күн энергиясына көшсе, жыл сайын жүз мыңдаған доллар үнемделеді әрі көмірқышқыл газының атмосфераға бөліну мөлшерін мыңдаған тоннаға кемітеді
Ірі мешіттер  күн энергиясына көшсе, жыл сайын жүз мыңдаған доллар үнемделеді әрі көмірқышқыл газының атмосфераға бөліну мөлшерін мыңдаған тоннаға кемітеді
2 жыл бұрын 1515 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Greenpeace (Жасыл әлем) деген 1971 жылы Канадада құрылған халықаралық, тәуелсіз, экологиялық ұйымның келтірген дерегіне қарағанда, Таяу Шығыс аймағындағы, Африка құрлығындағы және Еуропадағы он ірі мешітті жаңғыртпалы энергия көздеріне көшірсе, бұл жылына жүз мыңдаған долларды үнемдеп, аталған мешіттерден атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газын мыңдаған тоннаға кемітуге болады. Бұл жайында islam.kz порталы The National News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ұйымның меңзеп отырған мешіттердің қатарында қасиетті Мекке қаласындағы Харам мешіті мен Мәдинадағы Пайғамбар мешіті де бар. Мәселен, аталған ұйым есебінше, Пайғамбар мешітіне күн энергиясын өндіретін панелдерді орнатса, ылына 375 000 доллар үнемделеді екен, ал дамаскі шаһарындағы Омаядтар мешіті 373 000 доллар үнемдей алады. Бұдан бөлек, Пайғамбар мешіті жаңғыртпалы энергия көзіне көшсе, жылына 3199 тонна көмірқышқыл газы атмосфераға бөлінбейтін болады. Сарапшылардың мәліметінше, күн панелдерін аталған мешіттерге орнатудың өзі қып-қызыл шығын: Пайғамбар мешітіне мұндай панелдерді орнату 3,1 млн долларды қажет етеді. Бұл шығын сегіз жылдан соң өз-өзін ақтайды.

0 пікір
Мұрағат