Жас аналар арасында ертегі айтудан байқау өтті
Жас аналар арасында ертегі айтудан байқау өтті
9 жыл бұрын 2700 www.atr.kz/

BAQ.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, Атырауда жас аналар арасында ертегі айтудан байқау өтті.

«Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты филиалының ұйымдастыруымен жас аналар арасында «Ертегі – сәби тәрбиесінің бастауы!» атты облыстық байқау өтті.

Ертегі арқылы ұлттық құндылықтарымызды, салт – дәстүрімізді, ерлік пен елдікті, байлық пен бақытты насихаттауға, ұлықтауға арналған шараға қала, аудандардан барлығы 10 жас келін қатысып бақтарын сынады.

Шараның өту барысын қадағалап, бақылап бүгінгі қазақ келіндерінің бет бейнесін, ертегі айту мәнерін сарапқа салған қазылардың құрамында танымал өнер адамдары, қоғам қайраткерлері, ақындар мен жастар ұйымдарының жетекшілері болды.

Байқаудың қорытындысында жеңімпаздар алғыс хаттармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

0 пікір
Мұрағат