Израиль Швециядан елшісін неге кері шақырып алды?
Израиль Швециядан елшісін неге кері шақырып алды?
10 жыл бұрын 3322

Палестина мемлекеттілігін мойындаған Швециядан Израиль елшісін кері шақырып алды. Бұл жайында «Франс Пресс» ақпарат агенттігі хабар таратты. Осыдан екі күн бұрын Швецияның сыртқы істер министрі Маргот Вальстром Швецияның Палестина мемлекеттілігін мойындағанын мәлімдеді. Осыған орай оның палестиналық әріптесі Рияд әл-Мәлики Швеция халқына алғыс айтып, мұндай қолдауды әлемнің өзге елдерінен де күтетінін мәлімдеді. Естеріңізде болса, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы 2012 жылы Палестина мемлекеттілігін мойындау туралы қарар қабылдаған болатын. Десе де, Еуропалық одақ пен кәрі құрлықтағы елдердің көбісі Палестина мемлекеттілігін ресми мойындауға асықпады. ЕО-ға мүше кей елдер, атап айтқанда, Венгрия, Польша және Словакия Палестина тәуелсіздігін мойындаған болатын. Алайда, аталған елдер мұндай қадамға Еуродақ құрамына кірмей тұрғанда барған еді. Үстіміздегі жылдың қазан айының 14-і күні британ парламенті де ел үкіметін Палестина егемендігін мойындауға шақырған болатын.

0 пікір
Мұрағат