Еуропаның бір елінің өзінде апта сайын бір шіркеу жабылады
Еуропаның бір елінің өзінде апта сайын бір шіркеу жабылады
2 жыл бұрын 1679 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Нидерландыдағы шіркеулер бірінен кейін бірі жабылып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кәрі құрлығындағы аса ірі жоғарғы оқу орындарының бірінен саналатын Отрехт университетінің ресми сайтында келтірілген дерекке қарағанда, дін мен мемлекет арасы ажырағаннан кейін христиан діні Еуропада идеологиялық күш болудан қалған. Шіркеулер мемлекет тарапынан қолдау көрмеген соң саудаға шығарылып сатылып жатыр. Бұрынғы шіркеулер клубқа немесе соңғы жылдары қарасы көбейіп келе жатқан мұсылмандардың құлшылық үйіне айналдырылып жатыр. Мәселен, тікелей аудармасында «Егуші» (жақсылықты егуші) деп аталатын Әулие Игнатия рим-католик шіркеуі (Амстердам қаласының орталығындағы Розенхрахт көшесінде орналасқан. Суретте - ред.) жергілікті мұсылман жамағатына сатылған екен. Қазіргі уақытта бұрынғы христиандардың ғибадат ғимараты бүгінде «Фатих» мешіті (Суретте - ред.) деп аталады. Жобалаушылар ғибадат ғимаратының сәулеті мен христиандық стилін сақтауға тырысқан. Осы орайда ислам аталған елде христиандықтан кейінгі орында тұрған дін – Нидерланды аумағында 400-ден аса мешіт бар, олардың жартысы түрік қауымына тиесілі.

0 пікір
Мұрағат