Бүйректегі тасты отасыз жоюдың жолы табылды
Бүйректегі тасты отасыз жоюдың жолы табылды
2 жыл бұрын 3314 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар The Journal of Urology мерзімді басылымында бүйректегі тасты ультрадыбыстың көмегімен жоятын тәсілге қатысты тәжірибе нәтижесін жариялапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, дәрігер Харпер бастаған білікті мамандар бүйректе пайда болатын тасты түсіретін тың технлогиясын жария еткен. Америкалық ғалымдардың бұл әдісі бүйректегі тасты отасыз алуға мүмкіндік беретін тиімді ем-домға айналуы мүмкін. Бұл бағытта сарапшылар BWL (импулсті-толқын литотрипсия) технологиясын пайдалануды ұсынып отыр. Яғни, бүйректегі тасты уату үшін ультрадыбыстың арнайы «қысқа гармониялық жарылыстары» пайдаланылады. Ғалымдардың айтуынша, соққы толқынына қарағанда осы тәсілмен бүйректегі тас тез уатылады. Бұдан бөлек, бұл процедура үшін анестезияның (ауруды сездірмейтін дәрі) қажеті болмайды. Бұл тараптағы жүргізілген тәжірибеге қатысқан, бүйректеріне тас байланған 19 науқасты он минут бойы ультрадыбыс толқынның әсеріне ұшыратады. Нәтижесінде бүйректегі тастың 90 пайызы жойылған. 39 пайызында тастар ыдыратылған, 52 пайызында ішінара ыдыраған. Бүйректегі тастардың үлкендігі процедурадан соң екі миллимтерден аспаған.

0 пікір
Мұрағат