Қала маңындағы орман өркениеттен шалғай орманға қарағанда көмірқышқыл газын көп сіңіреді
Қала маңындағы орман өркениеттен шалғай орманға қарағанда көмірқышқыл газын көп сіңіреді
2 жыл бұрын 1414 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қала немесе ірі елді-мекен маңындағы орман-тоғай өркениеттен қашық орналасқан орман-тоғайға қарағанда көмірқышқыл газын көп сіңіретін блып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы Futurity ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осындай тұжырымға келген америкалық ғалымдар бұл тарапта АҚШ-тың солтүстік-шығысында орын тепкен 50-ге жуық орман телімін зерттеп көрген екен. Бұл құбылыстың сыры орман-тоғайдың көмірқышқыл газы көп бөлінетін қала маңында орналасқанымен түсіндіруге болмайды, бұл тек жанама себеп қана. Ең басты себеп – қала маңындағы орман-тоғай жарықты көп сіңіреді. Осыдан барып, жырақтағы орман ағашына қарағанда екі есе жылдам өседі. Бұған қоса, қала маңындағы топырақтың тез ысып, құрғайтынына байланысты ағаштан үзіліген жапырақтардың шіру процесі баяу жүреді – бұл жайттан жапырақтан бөлінетін көмірқышқыл газы баяу бөлінеді. Яғни, бұдан шығатын қорытынды: қала маңындағы орман-тоғай парникті газды өркениеттен қашық орман-тоғайға қарағанда мейліше мол сіңіріп, жаһандық жылыну қарқынын баяулатуға көбірек үлес қосады.

0 пікір
Мұрағат