Дәріні діңгекті жасушамен жеткізу тәсілі табылды
Дәріні діңгекті жасушамен жеткізу тәсілі табылды
2 жыл бұрын 1364 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Globallookpress.com

Иммануэл Кант атындағы Балтық федералды университетінің ғалымдары дәрі-дәрмекті ауырған жерге немесе ауру тудырған жерге, яғни, организмге енгізетін өзгеше әдісті тапты. Яғни, дәрі-дәрмекті тиісті жерге діңгекті жасушалар көмегімен жеткізетін тәсіл турсында сөз болып отыр бұл арада. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті мамандардан жасақталған ғалымдар тобы бұл бағыттағы зерттеу барысында синтетикалық полимерлі микрокапсулалардың жасуша морфологиясына, мезенхималық діңгекті жасушаларының ультрақұрылымына және биологиялық белсенділігіне in vitro әсерін зерттеді. Белгілі болғандай, бұл жасушаларға микрокапсуланы (дәріні) жасушаның тұтастығына зақым келтіріп алмай әрі жасушаның жылжу қабілетін шектемей-ақ кіріктіруге болады. Сонымен қатар, бұл әдісте цитокиндердің секрециясы әлсіз болып қалатыны белгілі болып отыр, бұл шамадан тыс қабынудың алдын алу үшін маңызды. Ғалымдар аталмыш әдісті кейінгі кезде кеңінен қолданылып жүрген, терапиялық тиімділігі жоғары регенеративті медицинада қолданып көрмек. Өйткені, бұл инновациялық технология дифференциялық әлеуетке ие, яғни, дәрінің таралуына ықпалы зор, бұған қоса, иммундық жүйеге жайлы – қабынуды төмендете алады. Таяу болашақта бұл технология арқылы дәріні нақты тінге немесе ағзаға жеткізуде пайдаланылады. Әсіресе, қатерлі ісік, инсульт, т.б. секілді қауіпті ауруларды емдеуде қолданылатын болады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, осы жылдың қаңтар айында Израилдегі Уайсман инститтының ғалымдары адамның діңгекті жасушаларын қолдан өсірудің амалын тапқан болатын. Осылайша ббұл технологияны донор тапшылығын жоюда пайдаланбақшы, дәлірегі, ағзаларды өсіруде пайдаланып көрмекші.

0 пікір
Мұрағат