Зеріктіретін өмір адамды қатыгездікке итермелейді – зерттеу
Зеріктіретін өмір адамды қатыгездікке итермелейді – зерттеу
2 жыл бұрын 1490 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Адам табиғаты ұдайы ізденісті, қандай да бір іспен айналысуды, қимыл-қозғалысты, ойлауды қажет етеді. Адам зеріккенде айналасына зиянын тигізетін жаратылыс иесіне айналады. Тіпті, ол садизм өлшемі бойынша төменгі деңгейде тұрса да. Орхус университеті ғалымдардың тұжырымы осындай. Бұл жайында islam.kz порталы   ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жоғарғы оқу орнының ғалымдары зерігу мен қатыгездіктің өзара байланысы туралы ондаған метаталдау нәтижесінде осындай қорытындыға келіп отыр. Аталмыш зерттеуге АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания және Даниядан төрт мың адам қатысқан. Бұл тараптағы ғылыми зерттеуде сақшылықта тұрған әскерилердің зерігуден қандай қатыгездікке баратыны, өз балаларын жасқап, зекіп, ұрып-соғып ләззат алатын ата-аналардың әрекеті, тағы басқа садистік актілер қарастырылған. Десе де бұл зерттеуде тәжірибеге өз еркімен қатысқандардың дерегі назарға алынғанын айта кетпекпіз. Сол себепті, ғалымдар садтистік әрекетке итермелейтін зерігу әсеріне қатысты жүргізілген тәжірибе нәтижесін сараптамадан өткізді. Бұл бағыттағы тәжірибеге қатысқан 129 адам уақыт ермек етпесі үшін қалта телефондарын уақытша (тәжрибе аяқталғанша) өткізеді. Олардың бір тобына су сарқырамасы туралы 20 минутқа созылатын деректі фильмді, ал екінші тобындағыларға Альпі тауы туралы қызықты деректі фильмді көруге ұсынады. Олардың алдына уақыт өткізгісі (ермек еткісі) келсе, кофе тартқыш пен құрт салынған кесені қояды. Бірінші топтағылардың 13-і құрттарды кофе тартқышқа тартып, ермек еткен, ал 12-сі су сарқырамасы туралы фильмді аяғына дейін көріп шыққан.

0 пікір
Мұрағат