Респираторлық вирустардың осал тұсы табылды
Респираторлық вирустардың осал тұсы табылды
2 жыл бұрын 2061 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Биологтер өкпедегі қабыну ошағының пайда болуына себеп болатын ақуызды тапты. Ол вирус қабығының ішкі сегментінде болады. Бұл жайында islam.kz порталы journals.asm.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта ғалымдар респираторлық- синцитиалды вирустың NS2 ақуызын зерделеген екен. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, вирусқа аталмыш ақуыз жетіспесе, адам иммунитеті вирусты организмде қабыну басталмай тұрып жоя алады. Вашингтон университетінің ветеринарлық медицина колледжінің ғалымдары жүргізген зерттеу таяуда mBio мерзімді басылымында жарияланған болатын. Мәселен, бүгінде әлемді жайлаған жұқпалы індетке себеп болып отырған, COVID-19 пандемиясын тудырған SARS-CoV-2 секілді респираторлық вирустар ең адымен газ алмасуға жауапты өкпе жасушаларын зақымдайды әрі өкпе ағзасын өздері өсіп-өнетін, яғни, көбейетін фабрикаға айналдырады. Тура мағынасында. Ал бұл жайт өз кезегінде қатты қабыну тудырады, тіпті, кейде кісі өліміне әкеледі. Бұл проблеманы еңсеру үшін ғалымдар респираторлық вирустардың жасушада қалай сақталатынына назар аударады. АҚШ-тың аллергия және инфекциялық аурулар ұлттық институтының келтірген дерегіне қарағанда, респираторлық вирустардан жыл сайын 160 мыңнан аса адам бақилық болып жатады, олардың дені балалар мен қарттар, иммунитеті әлсіреген адамдар. Вирустан болатын қабынуды респираторлық патогендерге, соның ішінде тұмауға да себеп болатын NS2 ақуызы тудырады. Ғалымдар зерттеу барысында вирустың мутацияланған нұсқасын да зерделеген екен – олардың бір бөлігінде NS2 молекуласының шоғырлану деңгейін азайтып, кейбіреуінен мүлдем алып тастаған. Ғалымдар NS2 ақуызының вирустық инфекция кезінде иммундық қорғанысты модуляциялайтын жасушалық процесс аутофагияның негізгі реттеушісі ретінде анықтады. Аутофагия Beclin1 деп аталатын жасушалық ақуыз арқылы жүзеге асады. Вирус жасушаға енгенде Beclin1 ақуызы төнген қатерді танып, жасушадан қатердің көзін жояды. Ол өзінен шағын гендік ақуыздарға қосылады - Beclin1 ақуызы осылайша «оқ өткізбейтін қалқан» киеді. Респираторлық- синцитиалды вирустардың NS2 ақуызы Beclin1 ақуызының «оқ өткізбейтін қалқанын» жояды, бұл жайт өз кезегінде вирустың жасушада өсіп-өнуіне ықпал етіп, оранизмде қабыну тудырады. Ал респираторлық- синцитиалды вирустар NS2 ақуызынан айырылса, вирусты Beclin1 ақуызы жояды. Ғалымдардың айтуынша, NS2 ақуызының Beclin1 молекуласымен қосылуына кедергі келтіретін дәрі жасалса, респираторлық- синцитиалды вирустардың, өзге де респираторлық патогендердің көбеюіне тосқауыл қойылады. Бұл жайт өз кезегінде адам популяциясына қатерлі жұқұпалы індеттің таралуына жол бермейді.

0 пікір
Мұрағат