Тағы бір жабайы жанауарға жойылу қаупі төнді
Тағы бір жабайы жанауарға жойылу қаупі төнді
2 жыл бұрын 2282 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Келесі ғасырда тапирлер популяциясының 94 пайызы жер бетінен жойылады. Ғалымдардың болжамы осындай, дәлірегі, Латын Америкасы құрлығында ғана кездесетін аталған жабайы жануарға жойылу қатері төнген деген мәртебе берілді. Бұл жайында islam.kz порталы ZME Science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік Америка аумағында тіршілік ететін аса ірі сүтқоректі жануардың салмағы шамамен 250 келі тартады. Тапир тек өсімдікпен қоректенеді. Бразилияның биологиялық әр алуандылықты зерттеу орталығы мамандарының дерегінше бұл жануардың жер бетінен жойылуына адам тікелей кінәлі, дәлірегі, Кевин Флешер есімді экологтың сөзіне қарағанда, аңшылық тапирлердің түбіне жеткен. Бұдан бөлек олар тіршілік ететін ортада автомагистралдар тартылып жатыр – жануарлардың дені автокөлік астына түсіп мерт болуда. Ғалымдардың мәліметі бойынша жалпы ауданы 26 мың шаршы шақырымда тапирлердің 48 жергілікті популяциясы ғана қалған.

0 пікір
Мұрағат