Ысты ығыстыратын зеңбірек жасалды (видео)
Ысты ығыстыратын зеңбірек жасалды (видео)
2 жыл бұрын 3142 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Технологиялық ерекше зеңбірек дыбыстық толқын арқылы атмосферадағы улы заттарды кері итереді. Ол әр алты секунд сайын қатты дыбыс шығарады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Euronews дерек көзіне жөн сілтеген Zakon.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Металл контейнер үстіне орнатылған конус түріндегі қондырғы Полшадағы Кальвария-Зебжидов қаласына орнатылған. Жергілікті тұрғындар ол қанша қатты дыбыс шығарса да бұл қондырғыны орнатуға қарсы болмаған. Ғалымдардың айтуынша, зеңбірек ауадағы зиянды PM2.5 және PM10 концентрациясын азайта алады. Бұл арада дыбыстық соққы турасында сөз болып отыр. Ол ацетилен мен ауа қосындысын жағу арқылы пайда болады. Ол ластанған ауаны жоғары итереді. Краков қаласындағы тау-кен және металлургия академиясының Доминик Гриб есімді ғалымның сөзіне қарағанда, аталмыш қондырғы жарты сағат ішінде екі-үш шақырым радиуста ауадағы ластаушы заттарды 15-30%-ға кеміткен. Оның тиімділігі үш сағатқа дейін созылады. Қондырғы ауадағы улы заттарды бірнеше жүздеген биіктікке дейін көтереді, ал бұл жайт өз кезегінде адамдар тыныс алатына ауаны зиянсыз етеді.

 

 

0 пікір
Мұрағат