Тағы бір ел өлім жазасынан бас тартты
Тағы бір ел өлім жазасынан бас тартты
2 жыл бұрын 2202 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Папуа-Жаңа Гвинея өлім жазасынан ресми түрде бас тартты. Осы уақытқа дейін сот үкімімен қандай да бір ауыр қылмысы үшін өлім жазасына кесілгендер ендігі жерде аталмыш өзгеріске байланысты 30 жылға бас бостандығынан айырылады, яғни, аталған мерзімде түрмеде жазасын өтейді, олар рақымшылыққа ілікпейді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Post Courier жергілікті мерзімді басылымға жөн сілтеген «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдегі 1984 жылғы Өлім жазасы туралы акт осылайша күшін жойды. Аталмыш елдің қылмыстық жүйесінде өлім жазасын жүзеге асыруға қажетті «әкімшілік тетіктері», «инфрақұрылым» және «протокол» жоқ. Папуа-Жаңа Гвинеяда өлім жазасы дарға ағашына асу арқылы орындалады. Осы орайда елімізде де таяуда, дәлірегі, 2021 жылдың елтоқсан айында өлім жазасы толықтай жойылғанын айта кетпекпіз. 2003 жылдан бері өлім жазасына моратория жарияланған болатын. 1983 жылы әлемнің 142 елі қолдаған өлім азасын жою туралы халықаралық хаттама қабылданған болатын.

0 пікір
Мұрағат