Сусамырды емдеудің тың тәсілі табылды
Сусамырды емдеудің тың тәсілі табылды
3 жыл бұрын 2985 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық және ресейлік ғалымдар қабыну процесіне қатысатын әрі инфекциялық, аллергиялық және ісік ауруларында маңызды рөл ойнайтын BLT1 лейкотриендік рецептордің құрылымын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы екінші типті сусамырды емдеудің тың тәсілін ұсынатын аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мамандар анықтағандай, BLT1 лейкотриендік рецептор бірқатар аурумен, атап айтқанда, демікпе, артрит, атеросклеорз, сусамыр және қатерлі ісік ауруларымен байланысты болып шықты. Талмыш рецепторды дәрілік затқа айналдыруға бірнеше рет талпыныс жасалса да оның кері бірталай кері әсерінен, тиімділігінің төмендігінен әрі организмнен шығу мерзімі ұзақ уақыт алатындықтан бұл талпыныстар нәтижесіз аяқталған еді. Бұл бағытта ізденісін жалғастырған ғалымдар екінші типтегі сусамыр мен өзге де қабыну жағдайларын емдеу үшін әзірленген MK-D-046 селективті антагонист кешенінде адамның BLT1 (hBLT1) кристалл құрылымын көрсеткен болатын. Ғалымдар молекуланың негізгі аймақтарында мутацияға ұшырату арқылы рецептордың құрылы мен белсенділігі арасындағы байланысты сараптап, BLT1 лейкотриендік рецептормен бірігіп, күрделі кешенді қалыптастыратын шағын молекулалармен – лигандамен (байланыстырушылармен) рецептордың кіші түрлерімен байланысу тетігін анықтай алған еді. Ғалымдар жазғандай, оның құрылымын білу өз кезегінде жасуша мембранасындағы рецептормен лиганданы жалғайтын жасырын каналды анықтауға, сондай-ақ, рецептормен байланысудың ықтимал тәсілдерін анықтауға көмектеседі. Бұл жайт өз кезегінде лиганданың BLT1 лейкотриендік рецепторын ақлай танитынын түсінуге мүмкіндік беріп, дәрі жасаудың тың мүмкіндіктерін тудырады.

Ұқсас материалдар:

«Сусамырды дәрісіз, инсулин уколынсыз басудың жолы табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/susamyrdy-darisiz-insulin-ukolynsyz-basudyn-joly-tabyldy-15370/#gsc.tab=0);

«Сусамырмен ауыратындардың инсулин үшін өзіне ине шаншу машақатынан құтылатын күнге алыс қалған жоқ» (https://islam.kz/kk/news/gylym/susamyrmen-auyratyndardyn-insulin-ushin-ozine-ine-shanshu-mashaqatynan-qutylatyn-kunge-alys-qalgan-joq-15073/#gsc.tab=0);

«Сусамырдан құтқаратын инсулиндік рецептор табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/susamyrdan-qutqaratyn-insulindik-retseptor-tabyldy-14778/#gsc.tab=0);

«Инсулинге тәуелді сусамырдан құтқаруы мүмкін жаңалық. Ғалымдар инсулинді істеп шығаратын жасуша жасады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/insulinge-taueldi-susamyrdan-qutqaruy-mumkin-janalyq-galymdar-insulindi-istep-shygaratyn-jasusha-jasady-12894/#gsc.tab=0);

«Метазерттеу: аз көмірсутекті диета 2-ші типтегі сусамырды емдейді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/metazertteu-az-komirsutekti-dieta-2-shi-tiptegi-susamyrdy-emdeidi-14708/#gsc.tab=0);

"Ойламаған жерден ашылған жаңалық сусамыр дертін емдеуде төңкеріс жасайды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/oilamagan-jerden-ashylgan-janalyq-susamyr-dertin-emdeude-tonkeris-jasaidy-14239/#gsc.tab=0);

«Екінші типтегі сусамыр мен бауыр фиброзын «істен шығаратын» тетік табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ekinshi-tiptegi-susamyr-men-bauyr-fibrozyn-isten-shygaratyn-tetik-tabyldy-14233/#gsc.tab=0);

«Жалғыздық пен сусамыр арасында байланыс бары анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jalgyzdyq-pen-susamyr-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14148/#gsc.tab=0);

«Қан қысымы мен сусамыр ми құрылымын өзгертеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-qysymy-men-susamyr-mi-qurylymyn-ozgertedi-14102/#gsc.tab=0 

0 пікір
Мұрағат