Шамандар көбейіп келеді...
Шамандар көбейіп келеді...
3 жыл бұрын 3164 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Көрші Ресей аумағында 4 мыңдай шаман жұмыс істейді әрі олардың қарасы жылдан жылға артып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ресейдің жоғарғы шаманы  Кара-оол Допчун-оолға жөн сілтеген “Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ресейдегі шамандардың статистикалық дерегі туралы ақпарат түбі бір түркі жұрты болғанымен Ресейде ассимиляцияға қатты ұшырап, ұлттық салт-санасынан айырыла бастаған тывалардың астанасы Қызыл қаласында өткен ІІІ-ші бүкіл ресейлік шамандар құрылтайында айтылды. Кара-оола Допчун-ооланың келтірген мәліметінше, шамандардың қызметіне ұлты мен наным-сенімі өзге азаматтар жиі жүгінетін болған. Осындай себепке байланысты шамандықты кәсіп еткендер қарасы артып отыр. Оның үстіне, шамандықта адамның ұлты мен жынысына және наным-сеніміне қарамай қызмет көрсетіледі. Бас шаманның сөзіне қарағанда, шамандар табиғаттан қуат алу жолдарын меңгеріп, оны адамзаттың иглігіне пайдалануды көздейді. Осы құрылтайдың алдында өткен шамандар құрылтайында сібір шамандары діни мәртебеге ие болуды алдарына мақсат етіп қойғандарын жария еткен еді. Осыған байланысты РФ билігіне шамандықты дәстүрлі дін ретінде ресми мойындауды сұрап, өтініш еткен болатын. Ескіліктің көлеңкесіндей болып әлі келе жатқан соқыр наным-сенімнің ең көне түріне жататын шамандықты қазақша бақсылық деп атайды. Өкінішке қарай, бұл соқыр напым-сенім емшілік түрінде қазақ даласында да қылаң беріп жүр. Оны ақша табудың көзіне айналдырып алғандар қарасы әжептәуір. Десе де бағзыдан келе жатқандықтан бақсылыққа елімізде қандай да бір заңмен тыйым салынбаған. Десе де бақсылықты кәсіп етіп, пайда көргендерден зардап шеккендер алаяқтық бабы бойынша құзырлы органдарға шағымдана алады.

0 пікір
Мұрағат