Сусамырды дәрісіз, инсулин уколынсыз басудың жолы табылды
Сусамырды дәрісіз, инсулин уколынсыз басудың жолы табылды
4 жыл бұрын 4735 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар сусамырдан зардап шегетін тышқанның инсулин деңгейін гормон істеп шығаратын жаңа бета-жасушасын өсіру және импланттау жолымен бір қалыпты ұстап тұратын тәсіл ойлап тапты. Бұл жасушалар жануардың иммундық жүйесінен қорғайтын титтей құрылғыға орналастырылған. Бұл жайында islam.kz порталы stm.sciencemag.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы ғалымдардың ізденісі текке кеткен жоқ, дәлірегі, 1-ші типті сусамырмен күресудің иммундық жүйеге әсер етпейтін әрі дәрі-дәрмекті қажет етпейтін барынша қарапайым және тиімді әдіс турасында сөз болып отыр бұл арада. 1-ші типті сусамырға шалдыққан науқастың иммундық жүйесі қателесіп, ұйқы безінің бета-жасушаларына шабуыл жасайды. Бұл айт өз кезегінде инсулиннің бөлінуін кемітіп, организмнің қан құрамындағы глюкозаның деңгейін басқару қабілетін кемітеді, сол себепті, науқас инсулинді қалыпқа келтіру үшін сырттан араласуды қажет ететін әрекетке, дәлірегі, өзіне инше шаншып, инсуилн салуға мәжбүр. Сент-Луистегі Вашингтон университетінің ғалымдары осыдан бірнеше жыл бұрын сумардан зардап шегетін кеміргіштің бета-жасушаларын тооықтырудың әдісін ұсынған болатын. Алдымен жануарлан алынған тері жасушаларын индуцирленген плюрипотентті діңгекті жасушаға (iPS-жасушалары) айналдырыған болатын, ол жасушаның өзге типтеріне, соның ішінде, бета-жасушаға айнала алады. Метаморфоздан соң жаңа жасушаларды тышқанға импланттайды, ал бұл жайт өз кезегінде организмге инсулин деңгейін реттей алатын қабілетті қайтарады. Әлбетте, мұның өз кілтипана болды – бета-жасушалар көптеп енгізілгенімен ол науқасқа аз уақытқа ғана көмектесе алады, өйткені, олардың иммундық жүйесі жаңа денелерге де шабуылдайтын болады. Бұл тәсілді адамға қолданып көру қауіпті еді, өйткені, организм кез келген инфекциямен күресу қабілетінен айырылып қалмақ. Міне, осындай себептерге байланысты америкалық ғалымдар Корнел жоғарғы оқу орнындағы әріптестерімен бірігіп, имплантталған бета-жасушаларды иммундық жүйенің шабуылынан қорғай отырып, оның маңызды қызметін атқаруына мүмкіндік беретін құрылғы ойлап тапты. Аталмыш құрылғы наноталшықтан жасалған қабықшаға оралған бастапқы жасушаларды қамтитын гидрогелді ядрoдан тұрады. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Джеффри Миллманның түсіндіруінше,  инсулин шығатын саңылауы үлкен де иммундық жасушалардың кіретін саңылауы кіші құрылғы имплант ішіндегі жасушаларды қорғап қоймай, сонымен бірге жасушалардың тіршілігі үшін қоректік заттарды, соның ішінде қаннан оттегі алуына мүмкіндігі бар. Импланттағы жасушалар 200 күнге дейін өз қызметін атқара алады – бұл аралықта тәжірибедегі сусамырдан зардап шегетін тышқан ешқандай диабеттен болатын жайсыздыққа ұшыраған жоқ әрі оның иммундық жүйесі организмге енгізілген жаңа элементтерді жатсынбады.

Ұқсас материалдар:

«Сусамырмен ауыратындардың инсулин үшін өзіне ине шаншу машақатынан құтылатын күнге алыс қалған жоқ» (https://islam.kz/kk/news/gylym/susamyrmen-auyratyndardyn-insulin-ushin-ozine-ine-shanshu-mashaqatynan-qutylatyn-kunge-alys-qalgan-joq-15073/#gsc.tab=0);

«Сусамырдан құтқаратын инсулиндік рецептор табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/susamyrdan-qutqaratyn-insulindik-retseptor-tabyldy-14778/#gsc.tab=0);

«Инсулинге тәуелді сусамырдан құтқаруы мүмкін жаңалық. Ғалымдар инсулинді істеп шығаратын жасуша жасады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/insulinge-taueldi-susamyrdan-qutqaruy-mumkin-janalyq-galymdar-insulindi-istep-shygaratyn-jasusha-jasady-12894/#gsc.tab=0);

«Метазерттеу: аз көмірсутекті диета 2-ші типтегі сусамырды емдейді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/metazertteu-az-komirsutekti-dieta-2-shi-tiptegi-susamyrdy-emdeidi-14708/#gsc.tab=0);

"Ойламаған жерден ашылған жаңалық сусамыр дертін емдеуде төңкеріс жасайды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/oilamagan-jerden-ashylgan-janalyq-susamyr-dertin-emdeude-tonkeris-jasaidy-14239/#gsc.tab=0);

«Екінші типтегі сусамыр мен бауыр фиброзын «істен шығаратын» тетік табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ekinshi-tiptegi-susamyr-men-bauyr-fibrozyn-isten-shygaratyn-tetik-tabyldy-14233/#gsc.tab=0);

«Жалғыздық пен сусамыр арасында байланыс бары анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jalgyzdyq-pen-susamyr-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14148/#gsc.tab=0);

«Қан қысымы мен сусамыр ми құрылымын өзгертеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-qysymy-men-susamyr-mi-qurylymyn-ozgertedi-14102/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат