Биылғы табиғи апат: экономикалық шығын, кісі өлімі, климат дағдарысы
Биылғы табиғи апат: экономикалық шығын, кісі өлімі, климат дағдарысы
2 жыл бұрын 2995 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Биылғы табиғи апаттан келген экономикалық шығын өткен 170 млрд долларға жеткен. Бұл дерек жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 млрд долларға артық немесе 13%-ға артқан. Катаклизмнен (табиғи апаттардан, соның ішінде тілсіз жаудан (өрттен), тасқын-селден, қуаңшылықтан, жұттан, т.б.) кем дегенде әлем бойынша 1075 адам опат болған, 1,3 млн адам босқынға айналған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде британиялық Christian Aid талдау орталығының келтірген бұл тараптағы мәліметіне жөн сілтеген knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Антропогендік (адамзаттың араласуымен орын алған) фактордан туындаған климат дағдарысы табиғи апаттардың жиілеуіне түрткі болып отыр.

Биылғы экономикалық шығыны көп ірі табиғи апаттар:

  • АҚШ-тың шығысындағы Ида дауылы (тамыз айының соңына таман орын алған) — 65 миллиар доллар;
  • Германиядағы және Белгиядағы шілде айындағы тасқын-сел – 43 млрд доллар;
  • Техас штатындағы (АҚШ) ақпан айындағы қысқы боран – 23 млрд доллар;
  • Қытайдың Һенан провинциясындағы (шілде айы) тасқын-сел – 17,6 млрд доллар.

Бұл айтылғандардан бөлек, Канада мен Оңтүстік судандағы тасқын-сел, Үндістан мен Бангладештегі (мамыр айында) тропикалық дауыл, Франциядағы көктем мезгілінде орын алған үсік те табиғи ірі апаттар санатына жатады. Осы тұста сарапшылар тек дамыған елдердегі табиғи апаттардан келген экономикалық және адам шығыны ғаа есепке алынғанын алға тартып отыр. 

0 пікір
Мұрағат