Әлемде астықты дәннің жартысы бір ғана елге тиесілі
Әлемде астықты дәннің жартысы бір ғана елге тиесілі
2 жыл бұрын 2229 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Келесі жылдың орта шенінде әлемдегі жүгерінің 70 пайызы мен күріштің 60 пайызы Қытайда өндіріледі. Бүгінде әлемдік астықты дәннің жартысы – 50 пайызы Қытай еншісінде. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жайт өз кезегінде аталған астықты өнімдерге деген бағаның өсуі мен кейбір табысы төмен елдерде аштық қатерін тудырып отыр. Қытайдағы азық-түлік қоры мен бидай қоры бір жарым жылға жетеді. АҚШ ауыл шаруашылық министирілігінің келтірген дерегіне қарағанда, 2022 жылдың алғашқы жартысында жүгерінің әлемдік қорының 69 пайызына, күріштің 60 пайызына және бидайдың 51 пайызына ие болады. Қытайда астықты дән қорының жиналуы әлемдегі азық-түлік бағасының өсуіне ықпал етіп отырған себептердің негізгісі саналады.

0 пікір
Мұрағат