Сары майдан болатын өлім қаупін өсімдік майы 17%-ға төмендетеді
|

Америка ғалымдары үш ауқымды зерттеудің, атап айтқанда, табаны күректей 30 жылға созылған Nurses' Health Study; Nurses' Health Study II және Health Professionals Follow-Up Study зерттеу нәтижелерін қорытындылады. Бұл жайында islam.kz порталы techcult.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұзан саны 221 054 адам қатысқан тәжірибе барысында әр төрт жыл сайын олардың тағам мәзірі туралы деректер өзара салыстырылды. Бұл ақпарат өз кезегінде тәжірибеге қатысқандардың денсаулығындағы өзгерістермен салыстырылды – маңызды заңдылықтарды анықтау үшін. Бұл тараптағы қорытындылардың бір парасы - адамзат өсімдік майының үлесін арттырып, сары майды тұтынуды азайтуы керек. Сары май мен өсімдіу майының арасындағы түбегейлі айырмашылық – өсімдік майы қанықпаған май қышқылдарына бай, ал сары май керісінше қаныққан май қышқылдарына бай келеді. Соның салдарынан сары майды пайдалану семіздікке бастап, зиянды холестерин деңгейін өсіреді - жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдықтыру ықтималдығын тудырады. Әлбеттте, адам майсыз тұра алмайды. Денсаулыққа пайдалы ғана емес, сонымен қатар, көптеген тағамның тұз секілді негізгі компоненті ретінде алға шығады. Алайда, майдың тағам құрамындағы үлесі неғұрлым көп болса, аз тұтынатындарға қарағанда өлім қатерін 15 %-ға арттырады. Ал өсімдік майлары керісінше өлім қатерін 16 %-ға төмендетеді. Рациондағы өсімдік майының әрбір 10 грамы қатерлі ісіктен болатын өлім қаупін 11% -ға және жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім қатерін 6% -ға төмендетеді. Керісінше, сол 10 грамм сары май қатерлі ісіктен қайтыс болу қаупін 12% -ға арттырады. Нәтижесінде ғалымдар 10 грамм сары майды өсімдік майымен ауыстыру көптеген аурулардан өлім қаупін 17% -ға төмендететінін есептеп шығарды.




