Жерді аяқ секілді сезінуге мүмкіндік беретін протез жасалды (видео)
|

Массачусет штатына қарасты Бостон қаласындағы Brigham and Women's Hospital емханасының ғалымдары мен дәрігерлері сенсормен сезіндіру әдісін әзірледі. Олар шолақ аяқ-қолдың ұшындағыы жүйке талшықтарын қайта өсірді. Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымы мен news.mit.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Айрықша протез нейронды интерфейсі мен имплантының арқасында кемтарлыққа байланысты табанымен басатын жерін сезінуден қалған мүмкіндігі шектеулі жандар жанасуды сезініп, бионикалық аяғын басқаруды меңгерді. Осы орайда 2016 жылы Роберт Гонт есімді ғалымның жетекшілігімен ғалымдардың алғаш рет сал болып қалған адамға қолдың қызметіне жауап беретін ми аумағына имплантацияланған чиппен жанасуды сезінуге мүмкіндік бергенін айта кетпекпіз. 2024 жылы Хиу Хердың басшылығымен Массачусет технологиялық институтының инженерлер командасы алдыңғы зерттеулердің негізінде бионикалық аяқты сынақтан өткізіп, елеулі нәтижеге қол жеткізді. Адамның табанында аяқталуы тиіс нерв ұштары қолдан өсіріліп, культтағы зақымданбаған сенсорлық нервтерге хирургиялық жолмен бекітіледі. Бұдан ары тері трансплантанты «бұлшық ет - компьютер» интерфейсіне қосылды, ол нерв ұштарын қысқартады және адам өз аяғымен жерге басқан сияқты өкшесіне түскен қысымды, яғни, салмақты сезеді. Соматосенсорлық жүйе арқылы берілетін бионикалық буындардағы тактилді сигналдар жанасуды, температураны және ауырсынуды жеткізуге қабілетті.




