10 секунда бүлінген жерін қалпына келтіре алатын жасанды тері жасалды (видео)
|

Ғалымдардың халықаралық тобы өз-өзін қалпына келтіру қабілеті жоғары жасанды тері прототипін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті мамандар термопластикалық полиуретан негізінде жасанды былғары жасап шығарды. Айрықша материалдың қаңқасы икемділік пен беріктік қамтамасыз ететін жұмсақ және қатты сегменттерден тұрады. Ғалымдар күшті сутек байланыстары мен термопластиканың арқасында зақымдалған терінің дем арасында қалпына келе алатынын байқаған. Сынақ кезінде зақымдалған тері 10 секунд ішінде өз функционалдығының 80 пайызын қалпына келтіре алған екен. Жасанды теріеің бұрынғы нұсқалары немесе үлгілері қалпына келуі үшін бірнеше минут, тіпті, сағат кететін. атап өтті. Ғалымдар жасуша ішінде дисульфидтік байланыстардың қалыптасу процесін негізге ала отырып, рекордтық деңгейде, яғни, мейлінше аз уақытта өзін-өзі емдейтін тері жасаудың жолын тапты. Электронды теріні жасаудағы негізгі мақсат медициналық деректерді жинауға саяды. Кіріктірілген датчиктердің арқасында ол электромиография мен электрокардиография көмегімен жүрекке қатысты ақпаратты ала алады. Материалға буындардың қозғалысы туралы мәлімет те түседі.




