Инженерлер мыңнан аса қалпына келу қабілетіне ие ерекше материал ойлап тапты
Инженерлер мыңнан аса қалпына келу қабілетіне ие ерекше материал ойлап тапты
1 сағат бұрын 54 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық инженерлер ішкі зақымдалған жерлерді 1000 реттен астам өз бетінше қалпына келтіруге қабілетті, жаңа талшықты композит әзірледі. Бұл материал бүгінгі таңда өзектілігі мен маңызы артып келе жатқан жаңғыртпалы энергия көздеріне арналған құрылғылардың, ұшақтардың, автокөліктердің, тіпті, ғарыш техникасының қызмет ету мерзімін түбегейлі өзгертуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы  National Academy of Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада  заманауи композиттердің басты проблемаларының бірі - зертханалық жағдайда ішкі қатпарлану процесін бұзылуына бірнеше рет жол бермеген материал турасында сөз болып отыр. Мұндай технология конструкциялардың қызмет ету мерзiмiн бiрнеше он жылдан жүздеген жылға дейiн ұзарта алады. Қазіргі заманғы талшықты полимерлік композиттер өзінің беріктігі мен жеңілдігінің арқасында авиацияда, автоиндустрияда және энергетикада кеңінен қолданылады. Міне, осындай конструкциялар құрылымының біртіндеп бұзылуына алып келетін фактордың алдын алады, яғни, қабаттар жігінің ашылып кетуіне жол бермейді. Жейсон Патрик есімді профессор мұндай проблеманың 1930-шы жылдардан бері белгілі екенін, ал осындай проблемасы бар мұндай материалдардың қызмет ету мерзімі ары кетсе 15-40 жылдан аспайтынын атап өтті. Жаңа композит кәдімгі материал сияқты көрінеді, алайда, ішінде 3D басып шығару арқылы арнайы «өзін-өзі емдеу» қабаты бар. Ол қыздыру кезінде жарықтарды «жабуға» қабілетті EMAA термопластикалық полимерден жасалған. Сондай-ақ, материалдың құрамында жұқа көміртекті жылыту қабаттары бар. Олар арқылы электр тогы өткенде, олар құрылымды жылытады және қалпына келтіру процесін белсендіреді - ішкі жарықтар ішінен «дәнекерленеді». Бұл тараптағы сынақ барасында бірегей материал 40 күн тоқтамай жұмыс істегенде 1000 зақымдану және қалпына келтіру циклінен өтті. Сарапшылар материалға дер кезінде қаралып, техникалық қызмет көрсетілсе, 500 жылға дейін тозбайтынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат