Қолдан өзгертілген вирустар антибиотикке төзімді, қауіпті бактерияны жойды
Қолдан өзгертілген вирустар антибиотикке төзімді, қауіпті бактерияны жойды
3 ай бұрын 474 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Pixabay / BlenderTimer

Солтүстік-Батыс университетінің ғалымдары қауіпті патогенді жою үшін модификацияланған вирустарды қолданды. Бұл жайында islam.kz порталы Microbiology Spectrum мезімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Биологтар бірнеше бактериофагтардың – бактериялардың ішінде көбейе алатын вирустардың ДНҚ-сын өзгерте алған. Бұл ДНҚ Pseudomonas aeruginosa микробының жасушаларына орналастырылды, ол антибиотиктерге төзімділігімен ерекшеленеді. Бактериофагты енгізу үшін электропорация әдісі қолданылды - электр тогының қысқа жоғары вольтты импулстары арқылы бактерияның сыртқы қабырғасында уақытша саңылаулар жасалады. Енгізілген вирус бактерияның қорғаныс механизмдерін айналып өтіп, оны ішінен жоя алатыны белгілі болды. Әдетте бактерия ДНҚ-ның бөгде нәрсе екенін бірден анықтап жоятындықтан  бұл жолы ғалымдар басқа тәсіл ойлап табуға мәжбүр болған.

Ұқсас материалдар:

«Антибиотикке төзімді бактерияларды жейтін вирустар...» (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotikke-tozimdi-bakteriyalardy-jeitin-virustar-17227/#gsc.tab=0);

"Бактерия вирусқа қалай қарсы тұрады" (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriya-virusqa-qalai-qarsy-turady-16562/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат