Бактерия вирусқа қалай қарсы тұрады
Бактерия вирусқа қалай қарсы тұрады
2 жыл бұрын 1176 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Рокфеллер университетінің ғалымдары стафилокк бактериясының вирусқа қарсы қауқар таныта алатынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Molecular Cell мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш бактерияның стратегиясы күрделі емес – стафилококк вирусты байқаған бетте ол бүгінде гендік редакциялауда қолданылып жүрген CRISPR-Cas секілді  өзіндегі молекулярлы қайшының көмегімен геномын кесу үшін көптеген иммундық стратегиясын пайдалануы мүмкін. Бұл тарапта жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бактериялардың қорғаныс стратегиялары өзара байланысты жұмыс істейтін болып шықты. Ғалымдар CRISPR-Cas жүйесі мен рестриктеуші ферменттер деп аталатын тағы бір маңызды бактериялық қорғаныс стратегиясы арасында таңқаларлық ынтымақтастықтың барын анықтады. Бактерияның бұл екі қорғаныс түрі де бұрыннан зерттеліп келеді. 1970-ші жылдары ғалымдар жекелеген гендерді клондауға әрі зерделеуге мүмкіндік беретін, ренкомбинантты ДНҚ деп аталатын жаңа құралды жасау үшін рестриктеуші ферментті пайдаланған болатын. Осы орайда рестрикация терминіне аз-кем тоқтала кетпекпіз: ДНҚ молекуласының шектелуі – рестрикциялық эндонуклеазалар арқылы ДНҚ молекуласының кесілуі. Рестрикциялық эндонуклеазалар – молекулалық қайшы түрі – ДНҚ молекуласындағы көрші нуклеотидтер арасындағы фосфодиэфирлік байланысты үзетін ферменттер. Ал осыдан он жыл бұрын CRISPR-Cas технологиясы биологиялық ғылымда төңкеріс жасағанын білесіздер. Дәлірегі, аталмыш технология арқылы ғалымдар тірі жасушалар мен орагнизмдердегі гендерді редакциялауға мүмкіндік алды. Ғалымдар бактерияның виирусты жою стратегиялары біріккенде ғана жақсы жұмыс ісетінін анықтап отыр. Яғни, бактерияның қорғаныс стратегиялары бөлек әрекет етпей бірігіп әрекет еткенде тиімділік танытады. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, стафилококк рестрикция (шектеу) ферментімен қорғанатын болса, оның бұл қорғанысы ұзаққа бармайды. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, шектеу ферменттері екі функцияны орындайды: олар қорғаныстың бірінші желісі ретінде әрекет етеді және вирусты дәл нысанаға алу үшін CRISPR-Cas-қа қажетті материалды дайындайды. Рестрикциялық ферменттер қысқа ДНҚ тізбегін үзуге қабілетті, сондықтан вирус бактерия жасушасына енген бойда бактерия оларды пайдаланады. CRISPR-Cas күрделі жүйе болғандықтан ол кешірек пайда болады. Рестрикция ферментімен кесілген сегменттер CRISPR-Cas тетігіне вирусты іздеуге әрі инфекцияны тоқтатуға қажетті моолеуклярлы бағдарды  қалпына келтіруге көмектеседі. Атталмыш зерттеуге атсалысқан Марраффини есімді ғалымның сөзіне қарағанда, бұл тетік адамның көп қырлы имммундық жүйесіне ұқсайды – әлдеқайда сенімді екінші қорғаныс желісін іске қосқанша алдымен бірінші қорғаныс жүйесін іске қоса тұрады,, бейнелеп айтанда, ұрыс жүріп жатқан майдан даласындағы алғы шеп пен негізгі күш  секілді әрекет етпек. Бұл зерттеу бактерияның өзінн вирустан қалай қорғайтынын түсінуге мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар, ғалымдарға антибиотикке төзімді бактериядан қорғану жолын табуға көмектеседі. Өйткені, Марраффини тобы бактерияның CRISPR-Cas жүйесін тек вирустан қорғану үшін ғана емес, сонымен қатар, дәрі-дәрмекке  ттөзімділігін арттыру үшін де пайдаланатынын анықтап білген еді.

0 пікір
Мұрағат