Ресей бір елге халал өнімдер экспортын күрт арттырды
Ресей бір елге халал өнімдер экспортын күрт арттырды
3 ай бұрын 862 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Глеб Щелкунов / Коммерсантъ

Өткен жылы Ресей Федерациясы Иранға экспортталатын халал өнімдерін 10 есеге дейін арттыра алған екен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде РФ ауыл шаруашылық министрлігіне қарасты «Агроэкспорт» басқармасы келтірген деректерге жөн сілтеген «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2023 жылы парсылар елі 39 млн долларға 10,4 мың тонна шариғат талаптарына сай әзірленген ресейлік өнімдерді импорттаған екен. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 4,1 млн доллардан немесе 0,9 мың тоннадан аспап еді. Бұдан бөлек, РФ-дан шетелге тасымалданатын халал өнімдердің жалпы мөлшері бір жыл ішінде 23,6 пайызға азайып, 209,4 миллион долларға дейін түсіп кеткен. Экспорттың басым бөлігі Сауд Арабиясына жөнелтілді – 53,8 мың тонна, құны 129,4 млн. 2023 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріне құны 16,9 миллион доллар болатын 5,1 мың тонна ресейлік халал өнім әкелінді. Агроэкспорт басшысының кеңесшісі Александр Якуба Ресей мен Шығыс Еуропадағы Prodexpo азық-түлік және сусындар көрмесінде Иранның ресейлік қой етін ең көп тұтынатын елге айналғанын, дәлірегі, ресейлік еттің 97 пайызы осы елге жөнелтілетінін алға тартты. Аталмыш ұйымның болжамы бойынша 2030 жылға қарай Парсы шығанағы елдеріне халал өнімдерінің жалпы экспорты жылына 700 миллион долларға дейін өсуі мүмкін. Сонымен қатар, РФ билігі халал өнімдер нарығын кеңейту үшін оңтүстік-шығыс Азиядағы мұсылмандар еліне, атап айтқанда, Малайзияға көз тігіп отыр. Малай еліне ресейлік сиыр етін экспорттау үшін тиісті тексеру процедуралары мен аттестациядан өтуде. Осы орайда РФ әлем бойынша халал нарығында ірі ойыншыға айналғанын айта кетпекпіз. Алғашқы бестік құрамындағы елге айналған.

Ұқсас материал:

"Халал өнімдер экспорттайтын елдердің алғашқы бестігіне мұсылман емес елдер кірген" (https://islam.kz/kk/news/alem/halal-onimder-eksporttaityn-elderdin-algashqy-bestigine-musylman-emes-elder-kirgen-19579/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат