Қатерлі ісіктің ем-домға төзімділігінің генетикалық себептері зерттелді
Қатерлі ісіктің ем-домға төзімділігінің генетикалық себептері зерттелді
2 ай бұрын 269 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Shutterstock

Мичиган университетінің Рогел онкологиялық орталығының ғалымдары қатерлі ісік ауруының ем-домға төзімділігінің генетикалық негізін зерттеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу нәтижесі жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу барысында ғалымдар бірнеше миеломаның агрессивті түрімен ауыратын 500-ден астам науқастың дертіне қатысты деректеріне талдау жасады. Содан кейін олар емделмеген көп миеломасы бар науқастар мен аурудың қайталанатын, емдеуге төзімді нұсқасы бар пациенттердің молекулалық құрамын салыстырып көрді. Мұндай салыстыру өз кезегінде ғалымдарға бірнеше миеломаның агрессивті түріне әкелетін генетикалық факторларды сипаттауға мүмкіндік берді: бұл белгілі бір гендердегі мутациялар. Сондай-ақ, оларды емдеуге қарсылық (резистенттілік) тетіктерін анықтауға да мүмкіндік берген. Науқастардың бойында пайда болатын генетикалық өзгерістер оларды қазіргі бірнеше миелома ем-домына төзімді етеді. 2022 жылдың шілде айында Американдық қатерлі ісік қоғамының (ACS) дәрігерлері қатерлі ісіктің асқынған бес негізгі белгілерін жариялады: ентігу, депрессия, шаршау, тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы және құсу.

Ұқсас материаллдар:

«Тұқым қуалайтын қатерлі ісік анықталды. Қатерлі ісікке шалдықтыратын жаңа 58 мутация табылды. Алайда, олардың пайда болу себебі белгісіз» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tuqym-qualaityn-qaterli-isik-anyqtaldy-qaterli-isikke-shaldyqtyratyn-jana-58-mutatsiya-tabyldy-alaida-olardyn-paida-bolu-sebebi--17144/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат