|
Саудия королі өзін үкімет басшысы лауазымына алмастыратын адам тапты
|
Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдулазиз Әл Сауд үкімет басшысы лауазымына алмастырушыны тапты, деп хабарлайды islam.kz порталы монархтың жарлығына сілтеме жасап. Ол өзінің мұрагері ретінде ұлы, тақ мұрагері, Сауд Арабиясы премьер-министрінің орынбасары Мұхаммед бен Салман бен Абдулазиз Әл Саудты тағайындады. «Королдің жарлығымен тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман премьер-министр қызметіне тағайындалды, ол министрлер кабинетінің отырысын өткізуге құқылы», - делінген құжатта. Сонымен қатар, сол жарлықпен ол өзінің басқа ұлы, тақ мұрагері Халед бен Салманның інісін Қорғаныс министрі етіп жариялады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті
■
Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
■
Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
■
Ақшаның жылыстауы бойынша Парсы шығанағы елдері көш бастады
■
Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады