Тұқым қуалайтын қатерлі ісік анықталды. Қатерлі ісікке шалдықтыратын жаңа 58 мутация табылды. Алайда, олардың пайда болу себебі белгісіз
Тұқым қуалайтын қатерлі ісік анықталды. Қатерлі ісікке шалдықтыратын жаңа 58 мутация табылды. Алайда, олардың пайда болу себебі белгісіз
2 жыл бұрын 5249 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Канададағы Алберт университетінің ғалымдары қатерлі ісіктің дамуындағы тұқым қуалаушылықтың шынайы мәнін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Metabolites мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мамандар онкологиялық дерттің пайда болу факторларын үш тоққа бөліп қарастырады: обыр генетикалық ауру (яғни, тұқым қуалайтын) ретінде; экспосом (организ өмір бойы арылмайтын ауру); онкологияның метаболилік ауру ретінде қарастыру (мұнда басты назар зат алмасу процесіне аудрылады – метаболизм кезіндегі барлық химиялық жанама өнімдер әсері). Тұқым қуалайтын ісік барлық қатерлі ісіктердің бес-он пайызын ғана құрайтыны белгілі болды. Қалған 90-95 пайызы генетикалық мутацияларды тудыратын экспосома факторларымен басталады. Осыған қарамастан метаболилік фактор онкологиялық аурулардың дамуында айрықша мәнге ие, өйткені, генетикалық тұрғыдан мутацияға ұшыраған қатерлі ісік жасушалары обырға тән өзіндік ерекшелігі бар метаблоитпен дамиды. Нәтижесінде қатерлі ісік – тұқым қуалайтын ауру, алайда, гендегі мутация факторы мұндай қауіпті аурудың пайда болуына жеткіліксіз екенін алға тартады ғалымдар.

Қатерлі ісікке шалдықтыратын жаңа 58 мутация табылды. Алайда, олардың пайда болу себебі белгісіз

Келесі кезекте қатерлі ісікке шалдықтыратын өзіндік ерекшелігі бар мутацияларды тудыратын факторларды анытқауға кіріседі. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы ауқымды зерттеу барысында ғалымдар 12 мыңнан аса онкологиялық дертке шалдыққан 12 мыңнан аса науқастың обыр жасушаларының геномын сараптамадан өткізген болатын. Олар обыр дертінің пайда болу себебінен хабар беруі мүмкін 58 жаңа мутациялық сигнатурды (қолтаңбаны) анықтай алған. Осылайша қатерлі ісік дертін болашақта тереңірек зерттеуге әрі әр пациентті ерекшелігіне қарай емдеуге мүмкіндік беретін көптеген деректерге қол жеткізді. Қатерлі ісік жасушалары мыңдаған түрлі әрі өзгеше мутацияны қамтуы мүмкін, алайда, олардың тек кейбіреуі ғана қатерлі ісіктің дамуына ықпал етеді. 2020 жылғы мутациялық сигнатурлардыды каталогтеу қолға алынды. Дегенмен, таяуда жүргізілген зерттеу қандай мутацияның қатерлі ісікке шалдықтыратыны турасында толыққанды картинаны жасауға мүмкіндік бермек. Осы мутациялық «саусақ іздерін» каталогтау ғалымдарға қатерлі ісік тудыруы мүмкін нақты өмір салтына немесе қоршаған орта факторларына назар аударуға мүмкіндік береді. Мәселен, бұрынғы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, меланомның белгілі бір мутациясы ультракүлгін сәуледен орын алуы мүмкін. Бұл бағыттағы жаңа зерттеу кезінде ғалымдар бұрынғы зерттеуден белгілі 51 мутациялық сигнатурдың болатынына тағы бір мәрте көз жеткізіп қоймай, тағы 58 мүлдем жаңа мутацияны анықтай алған. Олардың пайда болу себебі әзірге белгісіз. Бұл нені білдіреді? Бұл ғылымға белісіз обыр тудыратын көптеген факторлардың барынан хабар береді.  

0 пікір
Мұрағат