Қартайғанда адам неге әлсіз болады – зерттеу
Қартайғанда адам неге әлсіз болады – зерттеу
2 жыл бұрын 2024 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адамның жасы ұлғайған сайын қанның қалыптасуына қажетті діңгекті жасушаларының сапасы төмендеп, саны азая береді. Осындай себеппен адам қартайғанда әлсіз болады. Бұл жайында islam.kz порталы Кембридждегі Сенгера институтының ғалымдарының бұл тараптағы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар түрлі жастағы (нәрседен бастап, 70-80 жасқа дейінгі қарияларға дейін) адамдардың қан жасушаларын тыңғылықты зерделеген екен. 65 жасқа дейін адамда орта есеппен сүйек кемігіндегі 20-200 мың түрлі діңгекті жасушалар популяциясын өндіретін қызыл және ақ қан жасушаларының кең ауқымы болатыны анықталды. Алайда, жасына қарай әртүрлілік тек 10-20 түрге дейін төмендеді, бұл қан жасушаларының сапасы мен санына және жалпы денсаулыққа кері әсер етеді. Сонымен қатар, мутантты діңгекті жасушалар саны артып, қанның қатерлі ісігі мен анемия ауруына шалдықтыру қатерін арттырады, бұдан бөлек, адамдардың ауруға төзімділігін және емдеу тиімділігін төмендетеді. Ғалымдар ендігі жерде бұл процесті тежеудің немесе баяулатудың жолдарын іздестіретін болады, дәлірегі, егде жастағы адамдардың мутацияға ұшыраған діңгекті жасушаларының қан қызметіне қалай әсер ететінін анықтауды алдына міндет етіп қойды.

0 пікір
Мұрағат