Әлемнен оқшауланған тайпаның соңғы өкілі көз жұмды. Ол соңғы 26 жылын жалғыздықта өткізген (видео)
Әлемнен оқшауланған тайпаның соңғы өкілі көз жұмды. Ол соңғы 26 жылын жалғыздықта өткізген (видео)
2 жыл бұрын 1041 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Рондония штатындағы Танару тайпасы аумағында тіршілік ететін, әлемнен оқшауланған тайпаның соңғы үндісі дүниеден озды. Ол соңғы 26 жылын жалғыздықта өткізген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Бразилия үндістерінің ұлттық қорына (FUNAI) жөн сілтеген knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бақылаушылардың айтуынша, ол өз ажалымен өлген. «Оның мәйіті тамыз айының 23-і күні арнайы бақылау тобының экскурсиясы кезінде үйіндегі гамактан табылды. Бейтаныс, бөгде адамдардың ізі байқалмады, күрес немесе зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Оның заттары мен бұйымдары да өз орындарынан табылған. Марқұмның сүйегі Бразилиядағы Ұлттық криминалистика институтына жеткізіледі», деп айтылған FUNAI хабарламасында. Алғаш рет жалғызбасты үндіс Боливиямен арадағы шекара маңындағы ит тұмсығы батпайтын ну жыныс орманынан 1996 жылы байқалған. Тайпаның соңғы бес өкілі аталған жылдың алдында өлтіріп кеткен. Дүние салған үндістің жас шамасы – 60. Оның тілі мен тайпасы сол күйі беймәлім болып қалған. Олар аңшылықпен және көшіп-қонып өмір сүрген. Аталған тайпаның өкілдері 1970-ші жылдары тың жерлерді игеруге кіріскен фермерлермен және орман отаушылармен қақтығысқан болатын. Төмендегі таспаға тартылып алынған көрініс 1998 жылға тиесілі. Осы орайда Бразилия аумағындағы орманда 240-қа тарта тайпа өмір сүретінін айта кетпекпіз. Олардың көбісі жойылу алдында тұр. Өйткені, шахтерлер, орман шаруашлығының адамдары, плантаторлар оларды тіршілік ету ортасынан ығыстыра бастады.

0 пікір
Мұрағат