Бала табудың немесе босанудың әйелді қанша жасқа қартайтатыны белгілі болды
Бала табудың немесе босанудың әйелді қанша жасқа қартайтатыны белгілі болды
2 жыл бұрын 940 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бала табу немесе босану процесі әйел организіміне кері әсер ететіні анықталды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Human Reproduction мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ-тағы Джордж Мейсон университетінің ғалымдары бала тапқан әйелдің қанша жасқа қартаятынын анықтаған екен. Дәлірегі, олар өздерінің ғылыми жұмыстарының аясында репродуктивті жастағы 2000 әйелдің ДНҚ-сын талдап, ана болу мен қартаю арасындағы байланысты анықтады. Сарапшылар бала тапқан әйелдердің жасына қарай ДНҚ-ны қорғайтын хромосомалардың әлдеқайда қысқа учаскесіне – теломерлерге ие болатынын анықтады. Ол көптеген аурулардың, соның ішінде жүрек ауруларының қаупін арттырады. Бұдан бөлек, бала тапқан сайын ДНҚ-ны қорғайтын аталған учаскенің қысқара беретінін де анықтады. Бір қызығы, артық салмақтан да осы теломердің қысқаратыны елгілі болып отыр. Аталмыш зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әйел адам әр бала тапқан сайын организімінің қартаю процесі 11 жылға тездейді. 

0 пікір
Мұрағат