Қажылар электр энергиясын өздері өндіретін болды
Қажылар электр энергиясын өздері өндіретін болды
3 жыл бұрын 2861 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудиялық ғалымдар қасиетті Меккедегі Харам мешітін электр энергиясымен тегін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өзгеше технологияға жүгініп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today.ru сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш технология еденнің астын поршен жүйесімен жабдықтауға негізделген. Қажылар қасиетті Қағбаны тәуеп етіп айналған сайын, яғни, қажылардың қимыл-қозғалысынан электр энергиясы генерацияланады, яғни, өндіріледі. Корол Әбдіәзіз атындағы университеттің медициналық инженерия кафедрасының доценті Әбдіхамид әл Хатып адамзаттың таза энергия іздеумен уақыт оздырып, текке кетіп жатқан аяқ астындағыны көрмей отырғанын тілге тиек етті. Араб ғалымының бұл сөзін Al Ekhbariya TV ақпарат көзі келтіріпті. Араб ғалымының аталмыш технологиясы адам көп жүретін қоғамдық орындарда тегін энергия өндіруге мүмкіндік береді. Еден астынан төселген поршендерден өндірілген энергия арнайы батареяда жиналып, сақталады.

0 пікір
Мұрағат