Қоршаған ортада ұзағырақ жатып қалған микропластиктің қандай қауіп төндіретіні айтылды
Қоршаған ортада ұзағырақ жатып қалған микропластиктің қандай қауіп төндіретіні айтылды
3 жыл бұрын 3026 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар бірнеше апта бойы далада жатып қалған, яғни, ауа райының әсеріне ұшыраған микропластиктің тәжірибедегі тышқанның жасушасына оңай енетінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы осы бағыттағы зерттеу нәтижесі жарияланған Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Германиядағы Байройт университетінің ғалымдары бұл бағытта тәжірибелер жүргізіп көрген екен: жасанды тоғаннан, теңіз аквариумынен, залалсыздандырылған судан, т.б. көздерден алынған суға микропластикті екі-үш апта ұстап, тышқанға үш сағат бойы әсерін зерделен екен – нәтижесінде тазартылған судағы микропластикке қарағанда табиғи қайнарға малынған микропластикті тышқан жасушасы он есе сіңіріп алған. Артынан анықталғандай, табиғи ортадағы микропластикте микроорганизмдер мен биомолекулалардан тұратын қабық пайда болады. Бұл өз кезегінде жасуша мембранасының микроорганизмдерден тұратын микропластикті сіңіріп алуын тездеткен. Нәтижесінде жасушаға енген микропластик тышқанның тіні мен қанына өтіп, қабыну реакциясын тудырған. Бұл түбінде қатерлі ісікке ұрындыруы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат