Қай қан тобындағылардың екпені «көтере» алмайтыны анықталды
Қай қан тобындағылардың екпені «көтере» алмайтыны анықталды
2 жыл бұрын 2002 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Владимир Подхомутников есімді ресейлік кардиолог дәрігер әрі медицина ғылымдарының докторы қай қан тобындағылардың екпені «көтере» алмайтынын айтты. Бұл жайында islam.kz порталы doctor ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Маманның айтуынша, екпеге бірінші қан тобындағылар аса сезімтал келеді. Қандай да бір екпе алған бірінші қан тобындағылар алғашқы үш күнде дене қызуы көтеріледі, бойкүйездікке бой алдырады. Осылай дей келе ол бірінші қан тобындағыларға екпе алғаннан кейін көбірек су ішуге кеңес берді. Ал жағдайы нашарласа, міндетті түрде медициналық жедел жәрдем шақыруы керектігін ескертті. Ал екінші қан тобындағылар екпені жеңіл өткереді. Дегенмен олардың ас қорыту жүйесінде белгілі бір реакция тудыруы мүмкін. Үшінші қан тобындағыларға келсек, олар көбінесе екпенің салдарынан зардап шегуі мүмкін – жүйке жүйесі сыр беріп, В-антигеннің көп мөлшері пайда болады. Төртінші қан тобындағылар арасында екпеге жағымсыз реакция танытатындар өте аз кездеседі.

0 пікір
Мұрағат