Дактилоскопиядан бас тартқандар мен жұқпалы ауруы барларды елде қалдыру мерзімін қысқартады
Дактилоскопиядан бас тартқандар мен жұқпалы ауруы барларды елде қалдыру мерзімін қысқартады
2 жыл бұрын 1888 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясына келген шетелдік азаматтың аталған елде болу мерзімі ендігі жерде оның міндетті дактилоскопиядан (саусақ ізін түсіру процедурасы), фотоға түсуден және дәрігердің тағайындауынсыз есірткілік немесе психотроптық заттарды қабылдағанын немесе қабылдамағанын білу мақсатында жүргізілетін медициналық тексеруден бас тартқанына немесе бас тартпағанына байланысты белгіленеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде РФ ішкі істер министрлігінің ресми құқықтық ақпарат порталында жарияланған бұйрығына жөн сілтеген centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, осы елден нәпақасын айыру үшін келген еңбек мигранттарынан қоршаған ортаға қауіпті инфекциялық ауруы, соның ішінде ВИЧ-инфекциясы бары анықталса, сондай-ақ, дәрігердің тағайындауынсыз (яғни, медициналық мақсатта емес) есірткі қабылдағаны анықталса, олардың бұл елде болу мерзімі қысқартылады. Осының негізінде РФ аумағына келуіне тыйым салынуы мүмкін, соныңі ішінде осы елдегі жұмысынан шығарылады немесе білім алуын тоқтатады. Жоғарыда аталған факторлардың жоқ дегенде біреуі анықталса, үш күн ішінде елде болу мерзімін қысқарту туралы шешім шығарылады. Аталған бұйрық 2021 жылдың желтоқсан айының 29-ы күнінен бастап қолданысқа енеді. Осы күні Ресей аумағындағы еңбек мигранттары мен шетелдік азаматтар жоғарыда аталған процедуралардан өтеді.

0 пікір
Мұрағат