Пластиктің жаңа түрі қажет кезінде қалпына келеді және қажет кезінде жойылады
|
Токио университетінің ғалымдары өңдеу зауытында немесе табиғатта құрамдас материалдарға «ыдыратуға» болатын жаңа пластикалық материал ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы ACS Materials Letters мерзімді басылымына сілтеме жасай тырып мәлім етеді. Дәлірегі, бұл арада бөлме температурасында беріктігін сақтайтын әрі қажетсіз кезінде базалық компоненттерге «ыдыратуға» болатын пластиктің жаңа түрін әзірледі. Ал теңізде ол теңізде тіршілік ететін орта үшін қоректік затқа айналады. Ең қызығы – ол қажет кезінде өздігінен бастапқы қалпына келе алады. Бұл бағыттағы сынақ кезінде ғалымдар оны скалпелмен зақымдап көрді, алайда, ол небәрі 60 секундта 150 °C дейін қыздырылғаннан кейін толық қалпына келді. Материалдың жаңа түрін жапон ғалымдары VPR деп атады. Ол «эпоксидті витример» деп аталатын пластмасса класына негізделген. Витримерлер әдетте нәзік келеді, осыны ескерген зерттеушілер полиротаксан деп аталатын молекуланы қосу арқылы оның сапасын көтерді. VPR-ді қажетсіз болғанда оңай жолмен биологиялық тұрғыдан ыдыратуға болады. Белгілі бір еріткішпен бірге жылуды қолдану арқылы оның молекулалық байланыстарын бұзып, қайта пайдалануға жарамды шикізатты ғана қалдырады. Қоршаған ортаға түссе де ол басқа пластмассаларға қарағанда мейлінше зиянсыз. Ғалымдар оны 30 күн бойы теңіз суына батырып көрген екен. Зерттеушілердің айтуынша, осы уақыт ішінде ол 25%-ға дейін биологиялық тұрғыдан ыдырап, теңізді мекендейтін тіршілік иелеріне қоректік молекулаларды бөлген.
Ұқсас материалдар:
"Шыбыннан биологиялық тұрғыдан ыдырайтын пластик жасалады" (https://islam.kz/kk/news/arturli/shybynnan-biologiyalyq-turgydan-ydyraityn-plastik-jasalady-19085/#gsc.tab=0);
«Картоп крахмалынан суда еритін пластик жасалды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/kartop-krahmalynan-suda-eritin-plastik-jasaldy-18334/#gsc.tab=0);
«Бірнеше күнде ыдырап жоғалатын пластик жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/birneshe-kunde-ydyrap-jogalatyn-plastik-jasaldy-17911/#gsc.tab=0);
«Қанттан экологиялық қауіпсіз пластик жасалды. Қатты әрі ыдырайтын пластик алудың жолы табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qanttan-ekologiyalyq-qauipsiz-plastik-jasaldy-qatty-ari-ydyraityn-plastik-aludyn-joly-tabyldy-16300/#gsc.tab=0);
«Бір жылда ыдырап жоғалатын пластик жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bir-jylda-ydyrap-jogalatyn-plastik-jasaldy-14245/#gsc.tab=0);
«Палма майының қалдығынан биологиялық ыдырауы жылдам пластик жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/palma-maiynyn-qaldygynan-biologiyalyq-ydyrauy-jyldam-plastik-jasaldy-14395/#gsc.tab=0);
«16 сағат ішінде пластикті ыдырататын фермент табылды. Пластикті қорек етіп қорытатын құрт табылды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/16-sagat-ishinde-plastikti-ydyratatyn-ferment-tabyldy-plastikti-qorek-etip-qorytatyn-qurt-tabyldy-16953/#gsc.tab=0);
"Пластикті бір тәулікте жоқ қылатын фермент табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/plastikti-bir-taulikte-joq-qylatyn-ferment-tabyldy-16776/#gsc.tab=0);
«Суда іріп, ыдырап жоғалатын пластиктер» (https://islam.kz/kk/news/arturli/suda-irip-ydyrap-jogalatyn-plastikter-15771/#gsc.tab=0);
"Бір жасушалы балдырдан отқа төзімді биопластик жасалды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/bir-jasushaly-baldyrdan-otqa-tozimdi-bioplastik-jasaldy-18932/#gsc.tab=0);
"Бактериялар шексіз өңдеуге болатын пластмасса жасауға қабілетті" (https://islam.kz/kk/news/arturli/bakteriyalar-sheksiz-ondeuge-bolatyn-plastmassa-jasauga-qabiletti-18986/#gsc.tab=0);
«Улы пластикпен қоректенетін бактерия табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/uly-plastikpen-qorektenetin-bakteriya-tabyldy-13404/#gsc.tab=0);
«140 күнде пластикті ыдырататын саңырауқұлақ табылды» (https://www.islam.kz/kk/news/gylym/140-kunde-plastikti-ydyratatyn-sanyrauqulaq-tabyldy-18495/#gsc.tab=0)