Организмге дәріні роботтар жеткізетін болады
Организмге дәріні роботтар жеткізетін болады
1 ай бұрын 909 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Frank Hoermann / Reuters

Америкалық ғалымдар адам организмінің қажетті тұсына дәріні дәл жеткізудің өзгеше әдісін ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Soft Matter мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америка құрама штатының Маноа қаласындағы Гавай университетінің білікті мамандары «Янус бөлшектері» деп аталатын микроскопиялық роботтарды әзірледі. Оларды организмнің химиялық сигналдарын тануға және оларға бактериялар қорек көзін қалай анықтаса, солай бағдарлануға үйретті. Ғалымдар өздері әзірлеген микроботтардың хемотаксиске (микроорганизмдердің химиялық тітіркендіргішке әрекет ету қабілеті) бейім екенін анықтады. Ғалымдар мұндай роботтарды дәрілік аппараттарды тікелей пациенттің ағзасында тиімді «жеткізу қызметі» ретінде пайдалануға болатынын атап өтті. Бұл татаптағы зерттеуге атсалысқан ғалымдардың бірі Вивиана Манкузоның айтуынша, дәрімен күллі организмді «улағанша», мұндай тәсілді қолданған дұрыс. Барлық организмді дәрімен былғаудың арты жақсылыққа апармайды – кері салдары болады. Ал микроскопиялық роботтар тек дерт шалған тұсқа қана дәріні жеткізетін болады.

0 пікір
Мұрағат