Улы «мәңгілік химиялық заттардың» тері арқылы қанға өтетіні анықталды
Улы «мәңгілік химиялық заттардың» тері арқылы қанға өтетіні анықталды
20 күн бұрын 956 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бирмингем университетінің ғалымдары кейбір пер- және полифторалкилді қосылыстардің (PFAS) теріге оңай еніп, қанға енетінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Environment International мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. PFAS — асты күдірмейтін ыдыстарда, су өткізбейтін маталар мен басқа да ыстыққа және суға төзімді материалдарда кеңінен қолданылатын 16 000 химиялық заттар тобы. Бұл заттар іс жүзінде табиғатта немесе қоршаған ортада ыдырамайды, сондықтан оларды «мәңгілік химиялық заттар», деп атайды. PFAS организмде жиналып, қатерлі ісік, эндокриндік жүйенің ауытқуы, белсіздік пен бедеулікті және жүктіліктің асқынуы немесе ауыр өтуі сияқты салдары ауыр ауруларды тудыруы мүмкін. Бұл бағыттағы зерттеу барысында 17 PFAS-ды олардың көп қабатты құрылымына ұқсайтын 3D тері үлгілері зерделенді. Осы 17 қосылыстың 15-і әсер ету дозасы кемінде 5%-ына жеткенде теріге енетіні анықталды. Перфтороктан қышқылы (PFOA) қанға 13,5% сіңеді, дозаның 38%-ы теріде қалып, ұзақ уақыт бойы, яғни, біртіндеп қанға  енетін болып шықты.

Ұқсас материалдар:

«Канадалық стартап «мәңгілік химиялық заттарды» жою үшін миллиондаған доллар жинады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kanadalyq-startap-mangilik-himiyalyq-zattardy-joyu-ushin-milliondagan-dollar-jinady-20345/#gsc.tab=0);

«Магниттердің көмегімен су жарты минутта «мәңгілік химиялық заттардан» тазартылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/magnitterdin-komegimen-su-jarty-minutta-mangilik-himiyalyq-zattardan-tazartyldy-video-18073/#gsc.tab=0);

«Мәңгі химикаттарды» қауіпсіз жолмен жоюдың әдісі табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mangi-himikattardy-qauipsiz-jolmen-joyudyn-adisi-tabyldy-17279/#gsc.tab=0);

«Суды «мәңгі химикттардан» тазарту тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sudy-mangi-himikttardan-tazartu-tasili-tabyldy-16835/#gsc.tab=0);

«Адамзатқа қауіп төндірген «мәңгілік химиялық заттарды» жоятын реактор жасалды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adamzatqa-qauip-tondirgen-mangilik-himiyalyq-zattardy-joyatyn-reaktor-jasaldy-17388/#gsc.tab=0);

«Әлем бойынша жауын суындағы химикаттар шектен тыс көбейіп кеткен» (https://islam.kz/kk/news/arturli/alem-boiynsha-jauyn-suyndagy-himikattar-shekten-tys-kobeiip-ketken-17233/#gsc.tab=0);

«Адам организімінен 55 жаңа химиялық элемент табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-organiziminen-55-jana-himiyalyq-element-tabyldy-14971/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат