Жетілдірілген бидай азық-түлік тапшылығын жоюға көмектеседі
Жетілдірілген бидай азық-түлік тапшылығын жоюға көмектеседі
2 ай бұрын 461 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Австралия ғалымдары бидайды жетілдіріп, оның түсімін 12%-ға арттыруға қол жеткізді. Бұл жетістік өз кезегінде әлемдегі азық-түлік тапшылығын жоюға көмектесетін болады. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Австралиялдағы Йорк университетінің ғалымдары астық түсімін 12%-ға арттыратын жетілдірілген бидай сортын алды. Ғалымдардың түсіндіруінше, бидай әлемдегі стратегиялық маңызы зор азық-түлікке жатады – адам рационының 20%-ы бидайдан жасалған өнімдерден тұрады. Адамзат қарасының көбеюіне әрі климат өзгерісінің салдарына байланысты азық-түлікке деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Осы тұрғыдан келгенде аталған жаңалықтың маңызы зор. Ғалымдар азық-түлікке деген сұранысты қанағаттандыру үшін бұл бағытта ұдайы ізденіп келеді. Көбінесе сорттар селекциясы есебінен шешіліп жатыр бұл мәселе. Жоғарыда аталған жоғарғы оқу орнының мамандары өсімдіктің өсу қарқынын бақылайтын ақуызды көбейту арқылы бидайдың түсімділігін арттыруға қол жеткізген.

0 пікір
Мұрағат